Аралға араша
Бұл бет жедел жоюға ұсынылған. Себебі: Энциклопедиялық маңызы жоқ, жетім мақала, санаты жоқ (дұрыс емес), тым қысқа, дереккөзі жоқ.
Бұл мақаланы 2024-06-14, 20:44 кезінде (2 ай бұрын) Nurtenge (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Аралға араша — 1990 жылдың басында ұйымдастырылған телемарафон. [1].
Қазақ теледидарының бір топ журналистері мен режиссерлері (А. Ғалиева, С. Әзімов, А. Алипов, Қ. Тұрсынов) "Аралға араша" телемарафонын өткізу жайлы идеяның пісіп-жетілгендігін айтып, Қазақстан КПОК-ті мен Орталық теледидардың және Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан теледидарларының басшыларының келісімін ала отырып, көлемі 12 сағаттық телемарафон өткізуге кірісті. Сапар барысында Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан аймақтарындағы Арал апатының зардаптары жан-жақты қамтылып, кең көлемдегі мәселелер Одақтық деңгейге дейін көтерілді. Телеэкранда Арал зардабының бүкіләлемдік деңгейге дейін жеткендігі, экологиялық зардаптың болашағы нақтылы фактілермен айқындалды. Көлемі 200 сағаттан астам бейне және киноматериалдар жинақталды.
Нәтижесінде, 1991 жылы сәуір айында идея жүзеге асып, тікелей эфирден 12 сағаттық телемарафон өткізілді. Телемарафон Орталық телевидение көмегімен Еуровидение және Интервидение арқылы әлем жұртшылығына көрсетілді. Аралға көмек ретінде қорға 40 млн. сом қаржы жиналды.
Дерекөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|