Космополитизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Космополитизм (гр. kosmopolіtes) — әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану процесі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт. Космополитизм бағыты жекелеген мемлекеттерді баулуы мүмкін немесе бұл жағдай ұлт пен жеке дара адам арасына терең моральді, әр түрлі экономикалық, саясаттық қарым-қатынастарға әкеліп соғады. Космополитизм ұғымын кез келген саласынан жақтайтын адамдарды космополит дейді.

Лаэрттік Диогеннің (3-ғасыр) айтуынша, “Космополит” сөзін алғаш қолданған синоптық Диоген. Ол өзін жаhан азаматы деп атап, бөшке ішінде өмір сүрген. Ал Плутарх берген мәлімет бойынша, бұл терминді китиондық Зенон енгізген. Эпиктет (б.з. 50–190) бұлармен келіспей, алғашқы космополит Сократты (б.з.б. V–IV ғ.) еске салып, бұл ұғымды ойлап тапқан да сол болу керек деп тұжырымдайды. Ежелгі дәуірдегі қала-мемлекеттер құрылымының дағдарысы мен Ескендір Зұлқарнайынның (б.з.б. 4 ғасыр) әркелкі тайпалардан тұратын мемлекет құруы мазмұны жағынан әр түрлі космополиттік көзқарастардың пайда болуына себеп болды. Китиондық Зенонның космополиттік идеал ретінде әр адамның бірегей әлемдік заңға сүйеніп өмір сүруіне мүмкіншілік беретін әлеуметтік ортаны іздеуді осыған байланысты. Содан бергі замандардағы түрлі ойшылдардың космополиттік идеяларын қысқаша түрде: «Өмір сүруге қай жер ыңғайлы болса, сол жер менің Отаным», – деген тұжырыммен сипаттауға болады. Космополитизм идея ретінде 20 ғасырда шарықтау шегіне жетті. Қазіргі таңда тікелей не жанама жалпыадамзаттық мәдениеттің пайда болуы мен дамуына, сонымен қатар барша адамзаттың ынтымақтастығы ғана шеше алатын жаһандық проблемалардың өрши түсуіне байланысты көптеген гуманистік пацифизм өкілдері тарапынан «жаhандық мемлекеттер федерациясын» құру қажеттігі жайлы космополиттік идеялар жиі айтылуда.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]