Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
Тікелей эфир

Павлодар ауданында төрт бөлмелі үй мен монша өртеніп кетті

Өрттің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды.

Өрт сөндірушілер лаулаған отты екі сағаттай сөндірді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдалар департаменті хабарлады.

14 мамырда сағат 20:35-те Кемеңгер кентінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Жеке тұрған, шпалдан жасалған, ешкім тұрмайтын төрт бөлмелі үй, моншасымен бірге толығымен өртеніп кетті. Өрттің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды",– деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Өскеменде пәтердегі өрт салдарынан бес адам қауіпсіз жерге көшірілді


Түнгі сағат 22:38-де өрт толығымен жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 13 қызметкері, 5 техника, жергілікті атқарушы органннан 8 адам және 2 техника, сондай-ақ "102" қызметі тартылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Серіктестер жаңалықтары