Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
Тікелей эфир

Павлодар облысында орманда өмір сүріп келген отбасы табылды

Павлодар облысындағы орманнан табылған отбасы оңалту орталығына орналастырылды.

Алты баласы бар жанұя екі апта бұрын жапан далада жатқан жерінен табылды, депхабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оларды сол маңнан өтіп бара жатқан екі ер адам байқап қалған. Айдалада кішкентайлардың жылаған дауысын естіген ер адамдар бірден полицияға хабарлаған. Белгілі болғандай, балалардың ата-анасы Қазақстанға Ресейден осыдан 9 жыл бұрын келген екен. Ер адам ресейлік болса, әйел Украина азаматшасы. Содан бері Павлодар облысында тұрған олардың бір де бір құжаты болмай шыққан. Өздері де ерлі-зайыпты ретінде некеге тұрмаған. Арада алты бала бар. Үлкені 9 жаста болса, кішісі небәрі екі жаста. Ешқайсысы не балабақша, не мектепке бармаған.

Олардың айтуларынша, осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып, жақында ол жерден шығарып тастаған. Кәмелет жасына толмаған 6 баласы бар жанұяның орманда қашаннан бері күнелткені белгісіз. Белгілісі – олар бұған дейін ауруханаға жатқызылған болатын.


Оқи отырыңыз: Астанада алма, мамыргүл және қызғалдақ гүлдеді


"Балалар анасымен бірге облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бейінді мамандар қарап шықты. Балалардың жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлік бақылау мен күтімді қажет етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар балалардың туу туралы куәліктерін және ЖСН, сондай-ақ ҚР аумағында уақытша тұруға арналған рұқсат құжаттарын ресімдеуге көмектесуде", – деді Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Ирина Орсагош.

Серіктестер жаңалықтары