Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көкжөтелден тағы бір бала көз жұмды

Опубликовано:

Ауруханада жатқан бала
Ауруханада жатқан бала. Көрнекі фото: AgFang/Getty Images

Қазақстанда көкжөтелден тағы бір бала қайтыс болды. Еліміздің бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова сәбидің екпе алатын жасқа толмағанын хабарлады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстанда көкжөтелден болған тағы бір бала өлімі тіркелді. Бұл жолы ауыр дерттен Ұлытау облысының тумасы көз жұмған.

"Көкжөтелден қорғанудың бір ғана жолы бар — вакцинация. Қазіргі таңда екпе екі айдан басталады, содан кейін балалар бір жасқа толғанша қатарынан үш рет екпе алады. Еуропалық сападағы вакцина. Өндірушісі — Франция. Сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жалпы стастиканы қарасаңыз, науқастардың 90 пайыздан астамы — екпе алмаған", - деді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қауіпті. Егер дер кезінде екпе жасалмаса, аса қауіпті вирус ауыр түрде өтеді. Тіпті өлімге әкеледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, он науқастың төртеуі ауруға төтеп бере алмай көз жұмуы мүмкін.

Жалпы жыл басынан бері Қарағанды мен Ұлытау облыстарында көкжөтелге қарсы екпе салдырмаған екі бала қайтыс болды. Ай сайын елімізде 400-ге дейін көкжөтел жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Айжан Есмағамбетова ата-аналарға балаларын иммундау шарасын кейінге қалдырмауға шақырды.

Дереккөз: КТК.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында көкжөтелден бүлдіршіннің қайтыс болғанын хабарлаған едік. Қайғылы оқиға ақпан айында болған. Баланың ата-анасы қайғылы жайтқа дәрігерлерді кінәлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2123250-qazaqstanda-kokzhotelden-tagy-bir-bala-koz-zhumdy/