Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевқа Ұлттық музейде Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" картинасының түпнұсқасы көрсетілді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған "Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер" атты көрмені таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Леонардо да Винчидің "Әдемі Ханшайым" картинасы
Леонардо да Винчидің "Әдемі Ханшайым" картинасы. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның Scripta Maneant баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.

Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады
Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады. Фото: t.me/aqorda_resmi

Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.

Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" (La bella principessa) картинасы
Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" (La bella principessa) картинасы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.

Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады
Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады. Фото: t.me/aqorda_resmi

Айта кетейік, Visitastana.kz сайтындағы мәлімет бойынша Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" (La bella principessa) картинасы — Леонардо да Винчидің XV ғасырдың аяғында салған туындысы, онда итальяндық ақсүйектер отбасынан шыққан жас қыздың портреті бейнеленген.

Жоғалып, кейін қайтадан табылған туынды — шебердің ең жұмбақ және таң қалдыратын картиналарының бірі. Бұған дейін картина бүкіл әлем бойынша бес рет қана көрсетіліп, әр уақытта сыншылар мен көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2113374-toqaevqa-ulttyq-muzeide-leonardo-da-vinchiding-ademi-hanshaiym-kartinasynyng-tupnusqasy-korsetildi/