Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пираты Карибского моря" фильмінің актері акула шабуылынан қаза тапты

Опубликовано:

Тамайо Перри
Тамайо Перри. Фото: absgazetesi.com

Көпшілікке "Пираты Карибского моря" фильмімен танымал голливудтық актер Тамайо Перри Гавайи аралдарында акуланың шабуылынан қайтыс болды, деп хабарлайды BBC.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Гонолулу құтқару қызметінің өкілдері баспасөз конференциясында 49 жастағы актердің жексенбіде қайтыс болғанын растаған.

Құтқару қызметі Малаекахана жағалауына жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де шақырылған. Актер гидроциклда жағалауға жеткізілгенімен, парамедиктер оны құтқара алмады.

Перри "Пираты Карибского моря: На странных берегах" франшизасының төртінші фильміне түскен. Ол сондай-ақ "Lost", "Hawaii Five-0" және "Blue Crush" сериалдарында бой көрсеткен.

Гонолулу мұхиттағы қауіпсіздік бастығының міндетін атқарушы Курт Лагер Перридің бәріне ұнайтын құтқарушы болғанын айтты.

"Тамайоны бәрі жақсы көрді, бірақ оның адамдарға деген махаббаты одан да артық еді", - деді ол Перридің жақындары мен туыстарына көңіл айтып.

Айта кетейік, Гавайи аралдарында акуланың 40-тан астам түрі бар. Олардың ең көп тарағандары – жолбарыс акула, РИФ акулалары, құм акулалары, балға акулалары және Галапагос акулалары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2123415-piraty-karibskogo-moria-filmining-akteri-akula-shabuylynan-qaza-tapty/