Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк өкілдері "екі рет алдау" схемасы шыққанын ескертті

Опубликовано:

ғаламтор
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақшасынан айырылып, алданған қазақстандықтарға "заңгерлік қызмет" ұсынатын тағы бір алаяқтық схема шықты. Тұрғындарға бұл қандай схема екенін Ұлттық банк өкілдері түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық банкі қос қадамнан тұратын алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін ескертеді.

"Бірінші кезеңде қаскөйлер өзін Ұлттық банктің немесе басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, жалған құжат жібереді. Сөйтіп банктік аударымдарға арналған деректеме ұсынып, азаматтардан барынша ақша өндіріп алуға тырысады.

Алаяқтар қаражатты иемденіп алған соң алаяқтық схеманың келесі кезеңіне көшеді. Бұл жолы өзін заңгер ретінде таныстырып, аңғал азаматтармен қайта байланыс орнатады. Өзі секілді зардап шеккен басқа да адамдардың атынан ұжымдық талап-арызбен әрекет ететін сыңай танытып, алаяқтар иемденіп кеткен қаражатты қайтаруға заңгерлік көмек ұсынады. Осылайша, қаскөйлер ақшаларды қайтару үшін "заңгерлік қызметке" ақы төлеуді сұрайды", - деп түсіндірді банк өкілдері.

Ұлттық банк мәліметінше, ақшалай транзакция орындалған соң алаяқтар жауап бермей кетеді.

Ұлттық банк қызметкерлері мессенджер арқылы аудио және бейнеқоңырау шалмайды.

Үшінші тұлғалар тарапынан орындалатын алаяқтық әрекеттерге жол бермес үшін Ұлттық банк "мемлекеттік орган қызметкері, Ұлттық Банк қызметкері" болып қоңырау шалған адаммен арадағы байланысты үзіп, қандай да бір талқыдан немесе төлем операцияларын жүргізуден бас тартуға шақырады.

"Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейді.

Егер сіз немесе жақыныңыз алаяқтардың арбауына тап болса, арыз жазу арқылықұқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына да хабарласуға болады", - деп ескертті банк өкілдері.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123784-ulttyq-bank-okilderi-eki-ret-aldau-shemasy-shyqqanyn-eskertti/