Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 жылдан кейінгі кездесу: Cиднейде Ділдәбековтен жеңілген боксшы Қазақстанға келді

Жарияланған күні:

Алексис Рубалкаба мен Мұхтархан Ділдәбеков
Алексис Рубалкаба мен Мұхтархан Ділдәбеков. Скриншот: instagram.com/igenev_rauan

2000 жылы Сиднейде (Аустралия) өткен жазғы Олимпиада ойындарында Мұхтархан Ділдәбековпен жұдырықтасқан әйгілі кубалық боксшы Алексис Рубалкаба Қазақстанға келді. Қос боксшы араға 24 жыл салып қайта кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рубалкаба 2006-2007 жылы туған жастар арасында Түркістан облысында өтетін Мұхтархан Ділдәбеков атындағы он екінші халықаралық турнирге құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Ділдәбеков пен Рубалкабаның 24 жылдан кейінгі кездесуінің видеосы Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Видеодан қос боксшы төс қағысып амандасқанын көруге болады.

Ділдәбеков пен Алексис Рубалкаба 2000 жылы Сидней Олимпиадасының ширек финалында жұдырықтасқан еді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын. Ділдәбеков осы Олимпиаданың финалына дейін барды. Ол ақтық сында ұлыбританиялық Одли Харрисонға есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі.

Еске салайық, Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2122767-24-zhyldan-keiingi-kezdesu-cidneide-dildabekovten-zhengilgen-boksshy-qazaqstanga-keldi-video/