Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен оны нокаутқа түсірер едім": Иван Дычко өзбек боксшысы Баходир Жалолов жайлы пікір білдірді

Опубликовано:

Бахадүр Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев
Бахадүр Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы, Олимпиада жүлдегері Иван Дычко Vesti.kz басылымына берген сұқбатында бокстан Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Баходир Жалоловтың жетістігінің құпиясы туралы айтып, оның қарым-қабілеті туралы сөз қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– Баходир Жалаловпен кәсіби рингте кездескіңіз келе ме?

– Онымен қазіргі таңда кездесудің мен үшін еш мағынасы жоқ. Себебі мен онымен бұрындары кездескенмін. Егер біздің жолымыз ортақ мақсатта қиылысатын болса немесе бұл рейтингке жетіп, титулдық жекпе-жекке жақындауға көмектессе, жақсы. Егер олай болмаса, бұл кездесудің бүгінде қажеті шамалы

– Сіз оны әуесқой бокста жеңдіңіз. Айтыңызшы, ол қазақстандық Қамшыбек Қонқабаев үшін алынбас қамалға айналды ма? Оның құпиясы неде?

– Ол, әрине, алға жылжыды, қабілет-қарымы артты. Техникалық базасы да жетілді. Мен оны техника мен жылдамдық танытып жеңдім. Айлалы тәсілдерді де қолдандым. Оның бойы ұзын, аяқта жақсы қозғалады. Ұзын қолының арқасында ол қарсыласын өзіне жақындатпайды. Қол-аяғы ұзын боксшылардың жеңіске жетудегі басты әдістері осы. Артық, күрделі ештеңе жоқ.

– Егер сіз Баходир Жалаловпен кездессеңіз, жекпе-жек қалай аяқталар еді?

– Әлбетте, мен фаворит болар едім. Мен оны нокаутқа түсірер едім.

Айта кетейік, Иван Дычко Баходир Жалоловпен әуесқой бокста төрт рет кездесіп, барлық жекпе-жекте өзбек боксшысынан басым түсті. Осы ретте өзбек боксшысы Бахадүр Жалолов өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы саналады. Қазіргі таңда оның басты қарсыласы ретінде қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевтың есімі аталып жүр. Екеуі де Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Ал кәсіпқой бокста Иван Дычко 13 жекпе-жек өткізіп, оның 12 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Өз кезегінде Баходир Жалолов кәсіпқой рингтегі барлық 14 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2123634-men-ony-nokautqa-tusirer-edim-ivan-dychko-ozbek-boksshysy-bahodir-zhalolov-zhaily-pikir-bildirdi/