Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыздар қазақ балуанына құрмет көрсетіп, ат мінгізді

Опубликовано:

Нұрбақыт Теңізбаев
Нұрбақыт Теңізбаев. Скриншот: instagram.com/tenizbayev.nurbakhyt

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа қырғыздар ат мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бішкекте Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) пен Нұрбақыт Теңізбаевтың (Қазақстан) құрметіне грек-рим және еркін күрестен "Достық" турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында қырғыздар қонақжайлық көрсетіп, Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді.

"Жарысты ұйымдастырған Қырғыз еліне үлкен алғыс айтамын! Бұндай жарыстар кішкентай балуандарымыздың шындалуына және әлемдік ареналарда ел намысын қорғауға үлкен мүмкіндік береді.

Бүгін ыстық ықыласпен қарсы алып жатқан, қырғыз еліне, досым Қанатбекке, жарысты ұйымдастырушы бауырым Анарбекке және бізді қолдап барған әрбір азаматқа мың алғыс! Алдағы уақытта біздің елде де осындай "Достық" турнирі жалғасын табады деп ойлаймын!", - деп жазды Нұрбақыт Теңізбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы Бейжің (Қытай) Олимпиадасында 60 кг салмақта грек-рим күресінен қола медаль еншілеген еді. Кейін Теңізбаевты жартылай финалда жеңген әзербайжан балуаны Виталий Рагимов допинг қолданғаны анықталды. Осылайша, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әзербайжан спортшысының жүлдесін кері қайтарып, Нұрбақытты күміс жүлдегер ретінде таныды.

Теңізбаев 2018 жылдан 2023 жылға дейін Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Қазір ол Кеген ауданының әкімі болып қызмет атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2122998-qyrgyzdar-qazaq-baluanyna-qurmet-korsetip-at-mingizdi-video/