Top.Mail.Ru
Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстандағы теракт: қаза болған полицейлердің саны артты

Опубликовано:

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Фото: National Antiterrorism Committee / Handout/Anadolu via Getty Images

Дағыстандағы террорлық шабуыл салдарынан қаза тапқан тәртіп сақшыларының саны 16-ға жетті. Тағы бір полиция қызметкері ауруханада көз жұмды. Полицей 24 жаста болған.

24 жастағы сержант Нариман Насруллаев 23 маусымда, жексенбіде Дағыстанда болған террорлық шабуылдың құрбаны болды, деп жазады РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Еске салсақ, 23 маусымда, кешке таман Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар жасалған.

Салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Теракт салдарынан ардап шеккендердің саны 20-ға жеткені кейін белгілі болды.

Сонымен қатар Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды.

Дағыстан мүфтиінің кеңесшісі Айна Гамзатова Дағыстандағы террорлық шабуылдарда қаза тапқан полицейлердің фотосымен видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2123607-dagystandagy-terakt-qaza-bolgan-politseilerding-sany-artty/