Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
21 маусым 2024 16:11

Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желіде қызды жасөспірімдердің жабылып ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде қызды жасөспірімдердің жабылып ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға бірнеше адамның орындықта отырған қызды қалай ұрғаны түсірілген: олар қызды бетінен теуіп, үстіне қоқыс төгіп, басына қоқыс жәшігін кигізген. (Tengrinews.kz редакциясы видеоны этикалық себептерге байланысты жарияламайды).

Видео кадры

Видео сипаттамасында оқиға Қазақстанда болғаны жазылған, бірақ қай өңірде екені белгісіз.

Tengrinews.kz тілшілері тарап жатқан видео ескі әрі Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін анықтады. Видеодағы оқиға 2023 жылы 1 маусымда Ресейдің Смоленск облысында болған.

Видео кадры

Сол кезде ресейлік БАҚ жариялаған мәлімет бойынша, оқиға облыстағы балаларды әлеуметтік оңалту орталығының аумағында болған. Соққыға ұшыраған қыз ол кезде 12 жаста болып, ауыр жарақат алған. Ресейдің құқық қорғау органдары оны ұрып-соққандарға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғағаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.2   490.7   5.45 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети