Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
21 маусым 2024 14:18

Әлихан Смайылов шетелден қарыз алу тәуекелдері туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов шетелден қарыз алу борыш жүктемесінің тәуекелін арттыратынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов шетелден қарыз алу борыш жүктемесінің тәуекелін арттыратынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қаржы саласындағы басты проблема - бюджеттің тұрақты тапшылығы.

"Соңғы жылдары шығыстар едәуір өсіп келеді. Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер шығыстардың 50 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігі негізінен Ұлттық қордың трансферттері және қарыздарды тарту есебінен өтеледі. Сондықтан тапшылықты ұстап тұру жеткіліксіз. Ол үшін тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыратын ұзақ мерзімді жоспар қажет", - деді Әлихан Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Төраға Ұлттық қорды басқару жөніндегі нормативтік құқықтық база тұрақтылықты қажет ететінін атап өтті.

"Олай болмаған жағдайда Мемлекет басшысының Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай 100 млрд доллар дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына қол жеткізбеу тәуекелі жоғары екенін көріп отырмыз", - деді ол.

Әлихан Смайылов шетелден орынсыз қарыз алудың салдары болатынын атап өтті.

"Қарыз алу құралын кеңінен қолдану да борыш жүктемесінің тәуекелін арттырады. Қазірдің өзінде борышты өтеу және қызмет көрсету шығыстары бюджеттің барлық түсімдерінің 17 пайыздан астамын құрайды. Біздің бағалауымыз бойынша, он жыл бұрынғы борыштарды төлеудің басым көлемінің жүктемесі 2024-2025 жылдарға түседі.

Борыш тұрақтылығының ағымдағы жай-күйін сапалы бағалауды қамтамасыз ету үшін базалық көрсеткіштер тізбесін кеңейту маңызды. Қарыз қаражаты индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуға тиіс. Мұндай жобалар табысты генерациялау керек", - деді төраға.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.2   490.7   5.45 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети