Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
24 маусым 2024 16:42

Алматы полициясы "Қазақстан" қонақүйі маңында түсірілген түсініксіз видеоны зерттеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Желіде Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйі маңында бір ер адам екіншісін қолынан тартып тұрғаны түсірілген түсініксіз видео тарады. Бұл ретте екінші ер адам жерде дел-сал күйде жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео сипаттамасында куәгерлер ер адамдар арасында жанжал туындағанын айтқан. Жігіт ер адамды ұрып, салдарынан жәбірленуші есінен танып қалғаны айтылған.

Кейбіреулер жүргізуші мен жолаушы арасында кикілжің болғанын жазған. Болжам бойынша, таксиден түскен жолаушы есікті қатты жауып, жүргізушінің ашуын келтірген.

Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

"Осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Объективті мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.6   490.7   5.62 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети