Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
21 маусым 2024 16:46

Алматы - Тараз тасжолы құрылысы қашан аяқталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Қазір Алматы мен Таразды жалғайтын тасжолдың Ұзынғаш – Отар учаскесі (101-143 шақырым) ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстырылып жатыр. Оның ішінде транзиттік көліктің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін төрт жолақ салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазір Алматы мен Таразды жалғайтын тасжолдың Ұзынғаш – Отар учаскесі (101-143 шақырым) ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстырылып жатыр. Оның ішінде транзиттік көліктің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін төрт жолақ салынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мәліметінше, жоба екі жол өткелінің құрылысын және құм-қиыршық тас қоспасы, С-4 оңтайлы қоспасы және үш асфальт-бетон қабатынан тұратын жол жабындарын төсеуді қамтиды.

"Жұмыс 2024 жылдың 8 сәуірінде басталды, қазіргі уақытта нысанға 131 техника мен 228 қызметкер жұмылдырылды. Жобаны орындау барысында 135 мың текше метр жер төсемі төгіліп, тоғыз шақырым астыңғы қабат және оңтайлы қоспадан жеті жарым шақырым қабат төселді. Су өткізгіш құбырлар мен жол өтпелерін орнату бойынша монтаждау жұмыстары, сондай-ақ материалдарды дайындау және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Жақын болашаққа арналған жоспарлар жыл аяғына дейін екі бағытта да жабынның төменгі қабаты бойынша қозғалысты ашуды және жасанды құрылыстар бойынша барлық монтаждау жұмыстарын аяқтауды қамтиды. Учаскені қайта жаңартуды 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған", - деп хабарлады комитет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.2   490.7   5.45 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети