Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
25 маусым 2024 12:24

Астанада бір тәулікте 92 мопед айып тұрағына қойылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Редакцияның WhatsApp-нөміріне Астана тұрғыны жазып, рейдтерге байланысты елордалық полицейлер иелерінен мопедтерін тәркілеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Редакцияның WhatsApp-нөміріне Астана тұрғыны жазып, рейдтерге байланысты елордалық полицейлер иелерінен мопедтерін тәркілеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғыны рейд кезінде бүкіл мопед жүргізушілері тексеріліп жатқанына шағымданды.

"Ереже бұзғандардың барлығын тоқтатады, тіпті заңбұзушылық болмаса да мопед/скутерлерді, тіпті электрскутерге құжаттары, сатып алу-сату шарты, сәйкестік сертификаты барларды, бәрін алып кетіп жатыр", - деп жазады оқырман.

Полиция департаменті елордада 20-30 маусым аралығында қалада тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлады.

"Жазғы кезең басталысымен елорда жолдарында жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын және ЖКО қатысушылары болып саналатын осы көлік құралдарының саны көбейді. "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айып тұрағына 92 мопед қойылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.2   490.7   5.45 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети