Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
24 маусым 2024 15:41

Қазақстандағы "ең бай зейнеткер" қанша алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1 маусымдағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, қор ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жиналып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайған. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асады (21,5 пайыз).

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 33 921 теңгеге, ал ең жоғары айлық төлем 945 752 теңгеге тең болған.

Айта кетейік, БЖЗҚ мамырда Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялаған болатын. Ол кезде де дәл осындай сома болған – 945 752 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.6   490.7   5.62 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети