Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook
23 маусым 2024 16:47

Кенеден қорғану үшін не істеу керек? ДСМ кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Биыл 25 598 адам кене энцефалитіне қарсы вакцина алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биыл 25 598 адам кене энцефалитіне қарсы вакцина алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоспарлы вакцинациялауға аурудың табиғи ошақтарында жұмыс істейтіндер, орманшылар, геологтар және аңшылар сияқты адамдар жатады.

Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.

Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92 пайызы кене иммуноглобулинін алды.

"Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғау үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар. Кене энцефалиті эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда жұғады", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін бірқатар кеңес берді:

1.⁠ ⁠Репелленттерді қолданыңыз. Кенеге қарсы құралдар шағу қаупін азайтуға көмектеседі.
2.⁠ ⁠Қорғаныс киімін киіңіз. Орманда және табиғатта жабық киім мен аяқкиімді таңдаңыз.
3.⁠ ⁠Өзіңізді және жақындарыңызды үнемі қарап-тексеріп отырыңыз. Табиғатта серуендегеннен кейін денеңізді мұқият тексеріңіз.
4.⁠ ⁠Уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағып алған кезде дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз.
5.⁠ ⁠Иммуноглобулиннің тиімділігін қамтамасыз ету үшін кене шаққаннан кейінгі алғашқы 4 күнде медициналық ұйымға хабарласу қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.6   490.7   5.62 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети