Svoboda | Graniru | BBC Russia | Golosameriki | Facebook

Eurovision ән байқауы

Eurovision ән Байқауы (ағылш. Eurovision Song Contest; фр. Concours Eurovision de la chanson) — Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) мүше мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы.[1]

Eurovision ән байқауы
ағылш. Eurovision Song Contest
фр. Concours Eurovision de la chanson

Eurovision ән байқауының 2015 жылдан бергі логотипі
Басқаша атауы

Eurovision

Жанр

ән байқауы

Ұран

United by Music (2023 жылдан)
(«Музыкамен біріккен»)

Негізделген

Санремо музыкалық фестивалі

Өндіріс

Еуропалық хабар тарату одағы

Жүргізуші

Әртүрлі жүргізушілер

Мемлекеті

Әртүрлі қатысушы елдер

Тілі

ағылшын
француз

Шығарылым саны

68 шығарылым
104 тікелей эфир

Өндіріс
Түсірілім орны

Әртүрлі қабылдаушы қалалар

Ұзақтығы

~2 сағат (жартылай финалдар)
~4 сағат (финалдар)

Хабар тарату
Трансляция кезеңі

24 мамыр 1956

Хронология
Ұқсас бағдарлама

Junior Eurovision ән байқауы
Eurovision жас музыканттар байқауы
Eurovision жас бишілер байқауы
Eurovision би байқауы
Eurovision хор байқауы
Америкалық ән байқауы

Сілтемелер
eurovision.tv

Байқауда қатысуға ниет білдірген Еуропалық хабар тарату одағының әр бірмүше елден бір ғана өкілден қатыса алады. Фестиваль тікелей эфирде өткізіледі. Әрбір елден, өлеңі үш минуттан аспайтын бір ғана өкіл (жеке орындаушы немесе ұжым) қатыса алады. Ән орындалуы кезінде сахнада бір уақытта алты әртістен артық болмауы керек. Барлық өлеңдер орындалғаннан кейін, аса танымал ән финалда және жартылай финалда қатысқан елдердің телекөрермендер және жюри дауыс беру арқылы таңдалады.[2]

Байқау жыл сайын 1956 жылдан бастап өткізіледі және әлемдегі ең танымал спорттық емес шара болып табылады.[3]. Көрермендер саны 600 миллион адамға дейін жетеді[4][5]. Сонымен қатар, Еуропа аумағына кірмейтін және Eurovision-ге қатыспайтынына қарамастан байқау Қазақстанда және Қырғызстанда, Аустралияда, Канадада, Мысырда, Үндістанда, Ливанда, Оңтүстік Африка Республикасында, Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та және басқа елдерде көрсетіледі[6][7]. 2000 жылдан бастап байқау ғаламторда көрсетіледі[8]; атап айтқанда, 2006 жылы онлайн-трансляцияны 74 мың адам тамашалады[9].

Eurovision байқауы кейбір әртістердің атақтылығына қомақты үлес қосты. Мысалы, аты аңызға айналған швециялық ABBA тобы[10] және Селин Дион [11] байқаудан кейін әлемге танымал болды.[12][13]

Аталмыш байқауға Қазақстан 2011 жылдан бері қатысуға тырысып келеді. Бірақ, EBC талаптарына сай келмегендіктен қатыса алмай келеді.

Әнші Манижа Ресей атынан Eurovision 2021 байқауына қатысады.

Жеңімпаздар

өңдеу
 
Қатысушы елдер
Жыл Ел Ән Әнші
1956   Швейцария Refrain Лиз Ассиа
1957   Нидерланд Net Als Toen Корри Броккен
1958   Франция Dors, Mon Amour Андре Клаво
1959   Нидерланд Een Beetje Тедди Схолтен
1960   Франция Tom Pillibi Жаклин Бойер
1961   Люксембург Nous les amoureux Жан-Клод Паскаль
1962   Франция Un premier amour Изабель Обре
1963   Дания Dansevise Грета және Юрген Ингманн
1964   Италия Non ho l'età (per amarti) Джильола Чинкветти
1965   Люксембург Poupée de cire, poupée de son Франс Галль
1966   Аустрия Merci Chérie Удо Юргенс
1967   Ұлыбритания Puppet On A String Сэнди Шоу
1968   Испания La, la, la Массиель
1969   Испания Vivo Cantando Саломе
  Ұлыбритания Boom Bang-a-Bang Лулу
  Нидерланд De Troubadour Ленни Кюр
  Франция Un jour, un enfant Фрида Боккара
1970   Ирландия All Kinds Of Everything Дана Розмери
1971   Монако Un banc, un arbre, une rue Северин
1972   Люксембург Après Toi Вики Леандрос
1973   Люксембург Tu Te Reconnaîtras Анна Мария Давид
1974   Швеция Waterloo ABBA
1975   Нидерланд Ding-A-Dong Teach-In
1976   Ұлыбритания Save Your Kisses For Me Brotherhood of Man
1977   Франция L'Oiseau Et L'Enfant Мари Мириам
1978   Израиль A-Ba-Ni-Bi Изхар Коэн және Alphabeta
1979   Израиль Hallelujah Гали Атари және Milk and Honey
1980   Ирландия What's Another Year? Джонни Логан
1981   Ұлыбритания Making Your Mind Up Bucks Fizz
1982   Германия Ein Bisschen Frieden Николь
1983   Люксембург Si la vie est cadeau Корин Эрме
1984   Швеция Diggi-Loo Diggi-Ley Herreys
1985   Норвегия La det swinge Bobbysocks
1986   Бельгия J'aime la vie Сандра Ким
1987   Ирландия Hold Me Now Джонни Логан
1988   Швейцария Ne partez pas sans moi Селин Дион
1989   Югославия Rock Me Riva
1990   Италия Insieme: 1992 Тото Кутуньо
1991   Швеция Fångad av en stormvind Карола
1992   Ирландия Why Me? Линда Мартин
1993   Ирландия In Your Eyes Нив Кавана
1994   Ирландия Rock 'n' Roll Kids Пол Харрингтон және Чарли Макгеттиган
1995   Норвегия Nocturne Secret Garden
1996   Ирландия The Voice Эймар Куинн
1997   Ұлыбритания Love Shine A Light Katrina and the Waves
1998   Израиль Diva Dana International
1999   Швеция Take Me to Your Heaven Шарлотта Нильсон
2000   Дания Fly On The Wings Of Love Olsen Brothers
2001   Эстония Everybody Танель Падар, Дэйв Бентон және 2XL
2002   Латвия I Wanna Мэри Н
2003   Түркия Everyway That I Can Сертаб Эренер
2004   Украина Wild Dances Руслана
2005   Грекия My Number One Елена Папаризу
2006   Финляндия Hard Rock Hallelujah Lordi
2007   Сербия Molitva Мария Шерифович
2008   Ресей Believe Дима Билан
2009   Норвегия Fairytale Александр Рыбак
2010   Германия Satellite Лена Майер-Ландрут
2011   Әзербайжан Running Scared Eldar & Nigar
2012   Швеция Euphoria Лорин
2013   Дания Only Teardrops Эммили де Форест
2014   Аустрия Rise Like a Phoenix Кончита Вурст
2015   Швеция Heroes Монс Сельмерлёв
2016   Украина 1944 Жамала
2017   Португалия Amar pelo's dois Сальвадор Собрал
2018   Израиль Toy Нетта Барзилай
2019   Нидерланд Arcade Дункан Лоуренс
2020 коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған
2021   Италия Zitti e buoni Måneskin

Дереккөздер

өңдеу