Гомологиялық ұқсастық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гомологиялық ұқсастық (көне грекше: ὅμοιος — бірдей; λογος — сөз, заң) дегеніміз:

  1. мүшелердің құрылысының, олардың бөлімдерінің ара-қатынасының, орналасуының бірдей болуы;
  2. мүшенің ағза денесінде бірдей орналасуы;
  3. мүшелердің бір ұрық бастамасынан пайда болуы.

Бұл мүшелердің атқаратын қызметтері бірдей не әртүрлі болуы мүмкін. Яғни гомологиялық мүшелер деп шығу тегі бірдей, құрылысы не атқаратын қызметі бірдей не әртүрлі болып келетін мүшелерді айтамыз. Бұған мысал ретінде омыртқалылардың алдыңғы аяқтарын жатқызуға болады. Гомологиялық ұқсастықтың негізгі себебі — тарихи туыстық болып саналады, яғни олар бір (ортақ) ата-тектен не оның мүшесінен пайда болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. С.А.Әбилаев,Е.Ө.Қуандыков "Медициналық биология және генетика" 2004 ж.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Homology