Жансүгіров музейі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жансүгіров музейі - ақын І. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық қызметін көрсетуге арналған тарихи-мәдени мекеме, әдеби-мемориалдық мұражай. 1984 ж. Талдықорған қаласында ашылды. Музей орналасқан 5 бөлмелі ағаш үй (1880 ж. салынған) архитектура ескерткіш саналады. Мұражайдың негізгі мақсаты - ақынның өмірі мен әдеби қызметіне байланысты материалдарды жинау, сақтау және ұсыну. Мұражай 280,5 шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұражай қорында 6073 ғылыми-көмекші және мұражайлық маңызы бар заттар бар.Музейдің 1-бөлімінде ақынның өскен ортасы, 2-бөлімінде есею жылдары, өсу жолы туралы мағлұматтар жинақталған. 3-бөлім оның жүмыс бөлмесін көрсетуте арналған. 4-бөлімде ақынның шығармашылық мұрасы сақталған. Ал, 5-бөлім оның ізбасарлары мен замандастары туралы сыр шертеді. Музейде сирек кездесетін кітаптар, архив материалдарының көшірмелері, фотосуреттер, құжаттар мен жазушының өзі және отбасы тұтынған кейбір заттар бар. Сондай-ақ Ілиястың тұлғасын бейнелейтін онер туындылары, суреттер мен мүсіндер орын алған. Мұнда жыл сайын 5 мыңға жуық адам келеді. Экспонаттардың саны — 4000. Музейде ғылыми кеңес жұмыс істейді.[1]Мұражай орналасқан ғимарат 1907 жылы салынған. Мұражай ғимараты сәулет және қала құрылысы ескерткіші болып табылады. Ғимарат мемлекеттің қорғауында.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3