Илья Ильич Мечников

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Илья Ильич Мечников
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Туған жері

Ивановка,
Харьковь губерниясы,
Ресей империясы (қазір Купян ауданы, Харьковская область Украины)

Қайтыс болған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған жері

Париж, Франция

Ғылыми аясы

иммунология, микробиология, геронтология, патология, эмбриология

Жұмыс орны

Новороссийск университеті, Пастер институты

Альма-матер

Харьков университеті

Ғылыми жетекші

Л. С. Ценковский
Луи Пастер

Атақты шәкірттері

Д. К. Заболотный,
Н. Ф. Гамалея,
В. А. Хавкин,
Я. Ю. Бардах,
Л. А. Тарасевич,
И. ж. Шиллер

Несімен белгілі

қабынудың салыстырмалы патологиясын, иммунитеттің фагоциттік теориясын жасаушы, ғылыми геронтологияның негізін қалаушы, эволюциялық эмбриология негізін қалаушылардың бірі

Марапаттары


Копли медалі (1906)
Нобель сыйлығы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1908) (бірге П. Эрлихом)
Альберт медалі (Корольдік өнер қоғамы) (1916)

A.
Илья Ильич Мечников

Илья Ильич Мечников (3(15).5.1845, Украина, Харьков облысы Купянск ауданы – 2(15).7.1916, Париж) – Ресей биологы, эволюциялық эмбриологияның негізін салушылардың бірі, қабынудың салыстырмалы патологиясын және иммунитеттің фагоцитоздық теориясын жасаушы.

Петербург ҰА-ның құрметті мүшесі (1902). Харьков университетін бітірген (1864). Мечниковтің ғылыми-зерттеу жұмыстары биология мен медицинаның түрлі салаларына арналған. 1866 – 86 жылдары салыстырмалы және эволюциялық эмбриология мәселелерін зерттеді (А.О. Ковалевскиймен бірге); көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы жаңа теория ұсынды. 1882 жылы фагоцитоз құбылысын ашып, соның негізінде қабынудың салыстырмалы патологиясын анықтады (1892). Иммунитеттің фагоцитоздық теориясын ашқаны үшін (неміс ғалымы П.Эрлихпен бірге) Мечниковке Нобель сыйлығы берілді (1908). Мечников тырысқақтың, іш сүзегінің, туберкулездің, т.б. жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын зерттеп, оларға қарсы күресетін түрлі тәсілдерін анықтаған. Мечниковтің мезгілінен бұрын қартаюға қарсы күресу жөніндегі ілімі ортобиоз теориясы деген атпен дүние жүзіне белгілі болды. [1]

Марапаттар және атақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мечников атында:

Мәскеу облысындағы, Красногорск ауданы, И. И. Мечников ат. ауылы (Мечниково ауылы деп өзгертілді)

Азық-түлік өнеркәсібінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Стрептокок және болгар таяқшаларымен пастерленген сүттен таза мәдениетпен ашытылған сүттен, мечниковский қатығы өндіріледі. Оны дайындауға ГОСТ Р 53505-2009 техникалық шарттар болып табылады[2].

Қайнар көзі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. ГНУ «ВНИМИ» Россельхозакадемии ГОСТ Р 53505-2009. Простокваша мечниковская. Технические условия. Федеральное агентство по техническому регулированию и метрологии (11 желтоқсан 2009). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 тамыз 2011. Тексерілді, 21 мамыр 2011.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]