Ковалевский Александр Онуфриевич

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ковалевский Александр Онуфриевич (7(19).1840, Витебск губ., Шустянцы с., қазіргі Латвияда – 9(22). 11.1901, Санкт-Петербург) – орыс биологы, эволюциялық эмбриология мен физиологияның негізін салушы. Санкт-Петербург Ғылым Aкадемиясының академигі (1890). Санкт-Петербург университетін бітірген (1863), осы университетте магистрлік (1869) және докторлық диссертация қорғаған (1867). Қазан (1868), Киев (1869), Одесса (1874), және Санкт-Петербург (1891 – 94) университеттерінде профессор, Севастополь биологиялық станциясының директоры (18921901) болған. Ковалевский төм. сатыдағы омыртқалылар (ланцетник) мен омыртқасыздардың (асцидия, құрт, буынаяқтылар, т.б.) эмбрионалдық дамуының ортақ заңдылықтарын анықтап, омыртқасыздардың “ұрық қатпаршағы” (дамып келе жатқан жұмыртқаның бөлшектенуі нәтижесінде түзілетін клеткалар қабаты) ілімін дамытты. Сондай-ақ, омыртқасыздардың зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметін зерттеп, сол жануарлардың клеткалық органдары мен оның жәндіктер метаморфозы (дамудың бір сатысынан екінші сатысына кенет өзгеруі) кезіндегі рөлін анықтады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том