Сардиния

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әкімшілік аймақ
Сардиния
Sardegna
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Енеді

Провинциялар:
Кальяри, Карбония-Иглезиас, Медио-Кампидано, Нуоро, Ольястра, Ольбия-Темпио, Ористано, Сассари

Әкімшілік орталығы

Кальяри

Басшысы

Уго Каппеллаччи

Тарихы мен географиясы
Координаттары

40°01′40″ с. е. 9°04′10″ ш. б. / 40.02778° с. е. 9.06944° ш. б. / 40.02778; 9.06944 (G) (O) (Я)Координаттар: 40°01′40″ с. е. 9°04′10″ ш. б. / 40.02778° с. е. 9.06944° ш. б. / 40.02778; 9.06944 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

24 090 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

1 643 096 адам

Тығыздығы

68 адам/км²

regione.sardegna.it

Сардиния картада

Координаттар: 40°01′40″ с. е. 9°04′10″ ш. б. / 40.02778° с. е. 9.06944° ш. б. / 40.02778; 9.06944 (G) (O) (Я)

Сардиния (итал. Sardegna [sarˈdeɲɲa], сардин. Sardigna [sar'dinja]) — Жерорта теңізіндегі арал, көлеміне қарай Жерорта теңізінде 2 орынға ие, Аппенин түбегінің батысынан Сицилия және Корсика түбектерінде орналасқан. Италияның құрамына автономдық аумақ ретінде Сардиния (итал. Regione Autonoma della Sardegna кіреді.

Физика-географиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сардиния Корсикадан Бонифачо бұғазымен бөлініп жатыр, батыс бөлігі - өзгеріссіз, шығыс бөлігі - тік. Таулы рельеф(Ла-Мармора тауы - 1834 м ,аралдың орталық бөлігіндегі Дженнардженту массиві). Орталық Сардинияның таулары гранит және кристаллмен, батыста және солтүстік-батыста - лавалы және туф жонадары.

Климаты құрғақ,субтропиктік (жерортатеңіздік), қаңтардың орташа тепмературасы – 7-10 °C, шілдеде – 24-26 °C. Жауын-шашындардың көп бөлігі қыста болады, тауларда 600мм-ден 1000мм-ге дейін болады.

Аралдың маңызды өзендері:

Сардиния провинциялары

Сардинияның археологиялық тарихы неолит дәуірінен басталады.Сардиниядағы неолит және энеолит дәуірлерінің ескерткіштері - алыптардың молалары,«Домус-де-Джанас» молалары,Месопотамия зиккураттарының формасында жасырын Сардинский зиккураты бар.Сардиния мәдениеті Миной мәдениетімен тығыз байланыста болды және басқа да Жерорта теңізінің мәдениеттерімен бірге.Ерте заманда Корсика Сардинияның ықпалында болды,археологиялық периодизация және ескерткіштері Сардиния ескерткіштерімен ұқсас болды.

Сардиния үшін маңызды период - нурага уақыты болды, нурага периоды - Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі шапқыншылардың энеолит мәдениеті,б.з.б XV—VII ғасырларда нурага мәдениеті өзінен кейін конус тәріздес биіктігі 10-20 м болатын мұнара қалдырды.Сол сияқты жергілікті тұрғындары молаларының құрылысы техникасы нурагтардың молаларымен құсас келеді,бірақ лашық тәрздес және диаметрлері 5-6 м болады.

Нурагтардың көптен сақталған комплекстерінің бірі - Юнесконың бүкiләлемдiк мұрасының тiзiмiне кірген,Барумини жанында орналасқан Су-Нуракси комплексі.осы мәдениетке сол сияқты алып мололар жатады.

Нураг мәдениеті үшін вотивті (итал. bronzetti) қола мүсіндері - антропоморфты және зооморфты, сол сияқты қайық тәріздес мүсіндер тән (итал. navicelli).

Сардтардың шығу тегі туралы нақты деректер жоқ, кейбір египетшілер,Мернептах және Рамзес III (XIII—XII вв. до н. э.) басқарған кезінде Египетке шабуыл жасаған шардана теңіз халығымен теңейді.

А.И. Немиорвскийдің айтуы бойынша нураг мәдениетінің келуі этрусктармен байланысты.

Б.з.б. VII ғасырда Сардинияда финикия отаршылдығы басталды.Аралда Нора, Сульх, Бития, Таррос қалалары салынды[1].Б.з.б. 535 жылы аралды Карфаген басып алды,ал 238 жылы антикарфаген көтерілісін тиімді пайдаланып кеткен Рим, Сардинияны басып алды.

Б.з.б V ғасырда Сардинияны вандалдар басып алды,бірақ VI ғасырда Велизарий вандалдарға қарсы шығып,Сардинияны Византия құрамына қосты.Варварлар көсемі Госпитон Сардинияның орталық бөлігі - Барбаджада христиан дінін уағыздауға рұқсат етті.

Маврлар Африка экзархатын басып алғаннан кейін,аралды қазылар мен юдекстар басқарды.Арабтарды қуғаннан кейін феодалдық жойылу эпохасы басталды.Саясаттанудың негізгі формасы - юдикат болды. Ең ірі юдикат - Арборея болды.

1326 жылы Сардиния Арагон династиясының қол астында болды,кейін Испанияның қол астына өтті.1708 жылы Испания мұрасы үшін соғыста Австрия жеңіске жетті,1714 жылы Раштат келісімінде бекітілді .1720 жылы Лондон келісімі бойынша Сардиния Савоя династиясына берілді,келісім бойынша Пьемонт, Савойя және Сардиния қалалары Сардиния хандығына бірікті,біріккеннен кейін Италия құрамына қосылды.

Сардинияда италиянша тілден басқа, сардина тілінде сөйлейді,бірақ италиянша сөйлеу басымырақ.

Антонио Грамши

Ең басты мейрамдардың бірі - әулие Эфизио (Sant’Efisio)мейрамы, Кальяри қаласының қамқоршысы.1-4 мамыр аралығында қала орталықтары аралдың басқа облыстарынан келген тұрғындармен толып, дәстүрлі костюмдар дефилесі болады.Оның мақсаты - мүсінді Кальяри қаласынан Нора қаласына апару,2 күннен кейін мүсінді өз орнына апарады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сардиния ЖІӨ-і Италия ЖІӨ-інің 2,2% құрайды.Бұл шамамен 32 579,0 млн еуро. ЖІӨ-і жан басына шаққанда — 19 .654,3 еуро.

Сардинияның оңтүстік-батысында Портовесмада (Portovesme) глин шығаратын Eurallumina заводы орналасқан.Пекорини ірімшігінің маңызды орталықтары Сардинияда орналасқан.

Сардинияның Сассари және Кальяри қалаларында темір жолдар бар,сол сияқты кейбір жерлерде трамвай қолданылады.

Қызықты фактілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сардинияда Италия басшылары ресми түрде сатуға тыйым салған,Касу марцу ірімшігі шығарылады.

Сардинияның шығысында Оргозоло (Orgosolo) қаласы орналасқан,Оргозоло қаласы үйлерінде тұрғындардың өмірін көрсететін,қоғамның глобалды мәселелерін көрсететін картиналар салынған.Ашық аспан астында орналасқан қазiргi өнер мұражайы. Бұл туындылар «муралес» деп аталады, Оргозоло қаласында 300-ге жуық шығармалар бар.

Генетиктардың байқауынша,5,3 жыл бұрын Еуропада тұрған Эци мұз адамы Сардиния тұрғындарының туысқаны болып келеді[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Финикия және грекия шабуылы
  2. Ғалымдар:Эци мұз адамының көздері қоңыр түсті болды  (орыс.). Би-би-си орысша қызметі (29 февраля 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 мамыр 2012. Тексерілді, 1 наурыз 2012.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Sardinia

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Жерорта теңізі аралдары

Үлгі:Италия аудандары

Үлгі:Атлант мұхиты