Ғұл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ғұл — (араб.: غول‎) (ағылш. ghoul) қасқыр-адамға ұқсас келетін мифтік және фольклор кейіпкері. Ғұлдар адамдармен қоректенеді. Араб, парсы, түрік аңыздарында ғұлдардың түрі адам шошырлық және олардың терілері өлген адам терісі секілді бозарған және сүр түсті болып келеді. Кейбір Орта Азия аңыздары бойынша ғұлдар адамдарға еш зиян істемейді, керісінше олар адамдардан қорқып, қашады. Көбіне ғұлдар ормандарда өмір сүреді және олар адам қабірлерімен қоректену арқылы тірі қалады[1].

Исламдағы ғұлдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Исламда ғұлдарды кіші жындар деп немесе шайтанның ұрпағы деп есептейді. Ғұлдан құтылу үшін қару жарақ керек,ал ғұлдың шынайы бейнесін көру үшін Аллаһтың есімін атау қажет. Ислам кітаптарына сәйкес ғұлдар шөлді жерлерде жолаушыларға шабуыл жасап, олармен қоректенетін болған. Олар кішкентай балаларды немесе қабірлерді ұрлап олармен қоректенетін болған[2].

Ғұлдар әдебиетте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«мың бір түн» ертегісінде ғұлдар адамдар үшін үлкен қауіп болған. Олар адамдарға айналып жолаушыларды өз үңгірлеріне әкелетін болған.

Ғұлдар 20 ғасырдан бастап әдебиет кейіпкерлері бола бастады. Әдебиетте оларды аяусыз жануар ретінде суреттейді.

Аниме және манга

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жапонияда Токио ғұлы (жапон. 東京グール; ағылш. Tokyo_Ghoul) атты манга және аниме бар. Онда ғұлдар адамдармен қоректенетінін бейнелеген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]