Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Оңтүстік-Шығыс Азия Мемлекеттерінің қауымдастығы

Мүшелік:

 Бруней
 Камбоджа
 Индонезия
 Лаос
 Малайзия
 Мьянма
 Филиппин
 Сингапур
 Тайланд
 Вьетнам

Әкімшілік орталық:

Джакарта, Индонезия

Ресми тілі:

Ағылшын[1]

Құрылуы
Бангкок декларациясы

8 тамыз 1967 жыл

АСЕАН Жарғысы

16 желтоқсан 2008 жыл

Ортаққор логотипі Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы Ортаққорда

AСЕАН (ағылш. The Association of Southeast Asian Nations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым.

1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппин, Сингапур және Тайланд негізін қалаған.

Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету.

A.
АСЕАН саммиті.

Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы, Assocіatіon of South East Natіons, ASEAN (АСЕАН) – халықаралық ұйым. 1967 жылы 8 тамызда Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппиндер мемлекеттері құрған. Кейін ұйымның құрамына Бруней (1984), Вьетнам (1995), Лаос және Мьянма (1997), Камбоджа (1999) кірді. АСЕАН құрылғаннан бастап саяси ынтымақтастық саласында келісімдер жасауға баса көңіл бөлді. АСЕАН елдерінің алғашқы екі кездесуі (1976 және 1977) осы ұйым қызметінің принциптерін жария етіп, адам ресурстарын дамыту, кедейшілік пен сауатсыздықты жою, есірткі саудасына жол бермеу, т.б. салада ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Ұйымға мүше елдер Оңтүстік-Шығыс Азияда еркін сауда аймағын құруға талпыныстар жасап, арнайы келісімшарттарға отырды.[2]

Конференциялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұйым Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайын конференциялар өткізеді. 1993 жылы АСЕАН-ның аймақтық форумы құрылып, оған бақылаушы мемлекет ретінде Папуа-Жаңа Гвинея және екі кеңесшілік серіктес елдер – Қытай мен Ресей кірді. Сондай-ақ ұйым аймақта экономикалық өсімді, әлеуметтік және мәдени дамуды жеделдету, аталған салаларда белсенді ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету мақсатында ғылым мен технология, қоршаған орта, мәдениет пен ақпарат, әлеуметтік даму ынтымақтастығын үйлестіреді. 1995 жылы АСЕАН елдері Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында ядролық қарусыз аумақ құру туралы шартқа қол қойды.

АСЕАН-ның жоғарғы органы – Мемлекет және Үкімет басшыларының саммиті. Бұл саммит әр 3 жыл сайын өткізіледі, ал олардың аралығында бейресми кездесулер өтеді. АСЕАН-да 11 арнайы комитет жұмыс істейді, ағымдағы басшылықты Тұрақты комитет жүзеге асырады. Бес жыл мерзімге тағайындалатын АСЕАН-ның Бас хатшысы жетекшілік ететін Секретариат Джакарта қаласында орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ASEAN Charter — Association of Southeast Asian Nations. — P. 29.
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]