Фернан Магеллан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Фернан Магеллан
порт. Fernão de Magalhães
ис. Fernando (Hernando) de Magallanes
Фернан Магеллан XVI-XVII ғасырлар портретінде.
Фернан Магеллан XVI-XVII ғасырлар портретінде.
Туған күні

4 ақпан 1480 (1480-02-04)

Туған жері

Саброза, Португалия Патшалығы

Қайтыс болған күні

27 сәуір 1521 (1521-04-27) (41 жас)

Қайтыс болған жері

Мактан аралы, Филиппиндер

Ұлты

Португал

Әкесі

Родригу(Руй) де Магеллан

Анасы

Инеш Ваш Моутинью

Жұбайы

Беатрис Барбоза

Балалары

Дуарте Барбоза

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы


Фернан Магеллан (порт. Fernão de Magalhães - Фернау ди Магальяйнс, ис. Fernando (Hernando) de Magallanes, лат. Ferdinandus Magellanus (4 ақпан 1480 жыл, Саброза, Траз-уж-Монтиш, Португалия – 27 сәуір 1521 жыл, Мактан, Филиппиндер) — Португалия және Испанияның теңіз саяхатшысы. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді. Ол бүкіл әлем бойынша бірінші сапар жасаған экспедицияны басқарды. Ол бұғазды ашты, кейін атымен аталды, Атлант мұхитынан Тынық мұхитына теңіз арқылы жүзген бірінші еуропалық болды.

Жастық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Магеллан 1480 жылы 20 қарашада (кей мәліметтер бойынша 17 қазанда) дүниеге келді. Оның туған жері жайлы да нақты мәліметтер жоқ, көп жерлерде Саброза қаласы делінгенімен, Порту қаласында дүниеге келген болуы мүмкін деген де болжамдар айтылады. Кей ақпараттар бойынша шаруаның отбасында туған. Отбасында бұдан басқа төрт перзент болған.

1498 жылы португалдар Үндістанға теңіз жолын ашты. Португалиядан ол жаққа бірнеше экспедициялар жіберілді, солардың бірінде Король сарайында жұмыс істеп жүрген Магеллан да болды.

Дүние жүзін айналып шығу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

15191521 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрылықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрылық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.

Магеллан астрономия және бағдарлау (навигация) бойынша жақсы білім алып шыққан, 20 жасында алғаш рет теңізде жүзген саяхатшы. Оның өмір жолы әдеттегі конкистадор ретінде өрбіді - Шығыс Африка жағалауындағы Индостандағы шайқастар, арабтармен болған теңіз қақтығыстары. Португалия патшасымен сөзге келіп қалып, Магеллан Испанияға қоныс аударды. Ол Испания патшасы I Карлосты Молукк аралдары (Дәмдеуіш аралдары) Португалияға емес, Испанияға тиесілі болуы қажет деп иландырды. Оған жету үшін өзіне жақсы таныс шығыс бұғаз жолын ұсынды.

1519 ж. қыркүйегінде бес кемеден құралған теңіз қосыны жолға шықты. Қосын Оңтүстік Америка жағалауларына дейін жетті, бірақ пайдасыз өткел іздеу әрекеті наурыздың аяғына дейін созылды. Қатты суық пен боран басталғаннан кейін, ержүрек теңізшілер Патагониядағы қыстаққа аялдауға мәжбүр болды.

жол бағыты

1520 ж. қазанында кемелер қисапсыз аралдар арасындағы бұралаң және қауіпті жол арқылы көптен күткен бұғазға келіп жетті. Теңізшілер кейіннен мұнда жердің төрт бұрышынан ызғарлы солтүстік желі соғып тұратын дегенді айтты. Айналадағы аралдар құнарсыз және елсіз иен мекен болып көрінді, бірақ түнге қарай теңізшілер мыңдаған алауларды көрді, сондықтан шоғыры Отты жер аталып кетті. Магеллан ашқан бұғаз біраз уақыттан кейін оның есімін иемденді.

Жағдай ушығып кетті - азық-түлік қоры мүлдем қалмады, бірақ Магеллан Молука аралдарынан оларды 3-4 күндік қана жол бөгеп тұр деген сөзінен қайтпады. Және кемелер еуропалықтар үшін мүлдем беймәлім алапат мұхит арқылы жолға шықты. Бұл мұхитты Магеллан барынша тыныш ауа-райы үшін Тынық деп атады, теңізшілер мұнда тымық күні тап болған еді.

Тынық Мұхитпен бойлай жүзу төрт айға созылды және адам айтып жеткісіз тауқыметті бастан кешірді. Ақырында көптен күткен айқай естілді: «Жер!». Және кешікпей саяхатшылардың алдында Филиппин аралы тұрды.

Қайтыс болуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Филиппин аралдарының жағалауындағы бір аймағында белгісіз бір тұрғындар өмір сүреді екен. Фернандо Магеллан және оның серіктері сол тұрғындарымен қақтығыста Фернандо Магеллан және 247 адам қаза табады. Сөйтіп экспедицияның барлық құрамынан 1 кеме 18 адам еліне қайтады.

Осылайша, Фернандо Магеллан 1521 жылдың 27 сәуірінде 41 жасында қайтыс болады.

«Ол күлу дегенді, мейірімділік, құрмет атаулыны білмейтін, өз пікірін шебер қорғай алмайтын... Магелланның мінезі қайшылыққа толы еді», - деп баяндаған Магеллан қосынының жылнамашысы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Фернандо Магеллан