Автаркия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Автаркия (гр. αυτάρκεια — өзін-өзі қамтамасыз ету) — өз елінің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған саясат. [1]

Шетел тауарларының, капиталының және т.б. өз еліне енуіне шек қою. Бұл тәсіл отандық өндірісті дамытуды немесе басқа саяси мақсатты көздейді. Әлемдік еңбек бөлінісінің, аймақтардың өндірістің белгілі бір саласына мамандандырылуының тереңдей түсіп мемлекетттер мен халықтар арасында экономиалық, саяси, ақпараттық, рухани, мәдени және т.с.с. қарым-қатынастарға шек қою мүмкіндігі азайған жағдайда мұндай оқшауланып, бөлектенуге ұмтылу тұрпайы саясат ретінде бағаланады..Қазіргі елдер мен халықтар арасындағы кең экономикалық, саяси және т.б. байланыстардың аясында автаркия анахронизм сияқты көрінеді. Дегенмен, ол бүгін де, әсіресе, дамушы елдерде (өз күшіне сену саясаты) аракідік кездесіп қалады. Автаркия бұрындары фашистік Германия және Италияда соғысқа даярлану саясаты мен идеологиясының құрамдас бөлігі ретінде қолданылды. Сондай-ақ сталинизм жүргізген "темір перде" саясатынан да автаркия белгілері байқалады.[2][3][4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану. Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  3. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
  4. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9