Аман Ғұмырұлы Төлеев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аман Ғұмырұлы Төлеев
орыс. Аман Гумирович Тулеев
тат. Әман Гомәр улы Түлиев
Аман Ғұмырұлы Төлеев
Төлеев, 2010 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Кемерово облысы Заң шығару жиналысы — Халық депутаттары кеңесінің төрағасы
Ту
Ту
10 сәуір — 14 қыркүйек 2018
Президент Владимир Путин
5 сәуір 1994 — 15 шілде 1996
Президент Борис Ельцин
Ту
Ту
Кемерово облысының Губернаторы
Ту
Ту
1 шілде 1997 — 1 сәуір 2018
Президент Борис Ельцин
Владимир Путин
Дмитрий Медведев
Владимир Путин
Ізашары Михаил Кислюк
Ізбасары Сергей Цивилёв
Ту
Ту
ТМД мүше-елдермен әріптестік бойынша Ресей Федерациясының 3-министрі
Ту
Ту
22 тамыз 1996 — 1 маусым 1997
Президент Борис Ельцин
Премьер-Министр Виктор Черномырдин
Ту
Ту
Кемерово облыстық атқарушы комитетінің төрағасы
Ту
Ту
27 желтоқсан 1990 — 27 тамыз 1991
Өмірбаяны
Партиясы КОКП (1968—1991)
Біртұтас Ресей (2005 бері)
Білімі Тихорецк темір жолы көлігінің техникумы (1964)
Жаңасібір темір жолы көлігінің институты (1973)
КОКП ОК жаңындағы әлеуметтік ғылымдар академиясы (1989)
Ғылыми дәрежесі саясаттану ғылымдарының докторы
Дүниеге келуі 13 мамыр 1944 (1944-05-13)
Красноводск, Түрікмен КСР, КСРО
Қайтыс болуы 20 қараша 2023 (2023-11-20) (79 жас)
Кемерово, Кемерово облысы, Ресей
Әкесі Төлеев Молдағазы Қолдыбайұлы (1914—1975)
Анасы Насырова (Власова) Мунира Файзқызы (1921—2001)
Жұбайы Төлеева Эльвира Фёдоровна (1943)
Балалары ұлдары Дмитрий (1968) мен Андрей (1972—1998)
Марапаттары
Аман Ғұмырұлы Төлеев Ортаққорда

Аман Ғұмырұлы Төлеев (орыс. Аман Гумирович Тулеев, тат. Әман Гомәр улы Түлиев, туған аты-жөні Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев; 13 мамыр 1944 жыл Красноводск, Түрікмен КСР20 қараша 2023 жыл,[1] Кемерово, Кемерово облысы) — ресейлік саяси қайраткер, Біртұтас Ресей саяси партиясы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі,[2] Кузбасс облыстық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, технология ғылымының докторы (2000).

Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.[3]

Жаңасібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір жолшы болып бастады. 1967 – 73 жылдары Новокузнецкідегі Мундыбаш станциясында кезекші, бастықтың көмекшісі, станция бастығы, 1973 – 1985 жылдары Междуреченск темір жол станциясының бастығы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімшесі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, 1985 – 1988 жылдары Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988 – 1990 жылдары Кемерово темір жолының бастығы болды. 1990 – 1993 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылдары Кемерово облыстық заң шығарушы жиналыстың төрағасы, 1996 – 1997 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.

Төлеев “Долгое эхо путча” (1992), “Власть в руках человека и ... человек в руках власти” (1993), “На изломах жизни...” (1993), “Цена иллюзий” (1995), “Отечество – боль моя” (1995), “Судите сами” (1996) атты кітаптарын жазған. Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моңғолияның көптеген ордендерімен марапатталған. Саяси тұлға ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтқан.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Аман Төлеев дүниеден өтті  (қаз.). Азаттық рухы (20 қараша 2023). Тексерілді, 1 желтоқсан 2023.
  2. Высший совет партии «Единая Россия»  (орыс.). Біртұтас Ресейдің ресми сайты (30 июня 2020). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  3. http://adebiportal.kz/upload/iblock/948/948573e5404bc074bb7aa62cf3b12da2.pdf
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том