Антрацен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Файл тақырыбы
Файл тақырыбы

Антрацен, С14Н10 — ароматты көмірсутектер класындағы органикалық қосылыс.

Физикалық қасиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Таза күйінде 1867 ж. алғаш рет алып зерттеген - академик Ю.Ф.Фрицш.

Түссіз кристалдар, балқу t 218° C, қайнау температурасы 340° C, тығыздығы 1.25; молярлық массасы = 178.23.

Суда ерімейді, ацетонитрил және ацетонда аз ериді. Қыздырғанда бензолда ериді.

Химиялық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Химиялық белсенділігі жоғары.

Химиялық қасиеттерімен нафталинге ұқсас. Айырмашылығы - қосылу және тотығу реакциялары жеңіл өтеді.


Молекулалары бір қатарда орналасқан, конденсацияланған 3 бензол ядросынан тұрады. Көбіне химиялық реакцияларды антраценнің орталық ядросы әрекеттеседі.

Электрофилды ауысу "9" және"10" нүктелерінде болады. Нәтижесінде антроцен оңай тотығып, антрахинон шығады C14H8O2.

Антрахинон
Антрахинон

Техникада Антраценді тас көмір қара майынан қайнатып бөліп алады. Антрацен антрахинондық бояғыштарды синтездеуде негізгі зат, антрахинон алу үшін қолданылады[1].

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Антрацен молекуласы — жұлдызаралық қеңістікте табылған ең ірі молекула.[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Gerd Collin, Hartmut Höke and Jörg Talbiersky "Anthracene" in Ullmann's Encyclopedia of Industrial Chemistry, Wiley-VCH, Weinheim, 2006.
  2. Антраценовый космос: Органика в пространстве — Популярная механика Мұрағатталған 23 ақпанның 2014 жылы.
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998