Ас қызылшасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ас қызылшасы, көкөніс қызылша. Еліміздің барлық жерінде өсіріледі. Ұзақ сақталатын өнімді және дәмді сорт тары — Бордо 137, Несравненная А—463, ал Грибовская плоская А—473, ал Египетская плоская және Пушкинская плоская К—12 сорттарының ерекшелігі ерте пісетіндігі. Бірақ бұл сорттар ұзақ мерзімге сақтауға келмейді және сапасы да төмен. Подзимняя А—473 сорты солтүстік аудандарда қысқа қарай және ерте көктемде егуге бейімделген. Тағамға жас қызылшаның — жапырағын, жемісін және тамыр жемісін, ал піскен кезде— тек қана тамыр жемісін пайдаланады. Қызылшаның құрамында қант, белок, органикалық қышқылдар, клетчатка, 37—41 мг процент Р витамині, С витамині (жапыр ақтарында 60 мг процент) және минералдық тұздар бар. Қызылшаның жапырағы борщ, свекольник дайынд аранда, ал тамыр жемісі — борщ, винегрет, гарнир, басытқы, икра, салат, соус жасауға, көкөністі шала тұздауға және келтіруге пайдаланылып жүр. Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын және іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша өте көп қайнатуды қажет етеді. (2—3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатыл оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды. Ал салат немесе винегрет жасау үшін, оны щеткамен тазартып, суық сумен жуып, қабығымел қайнатады немесе тез пісіреді. Қайнақай кезде қызыл түсін жоймас үшін суға құмшекер салуға болады (2 л суға 0,5 шай қасық).

Шикі қызылшата алма мен ақжелкен қосып жасаған салат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылшаны жуып, тазалан, салқын сумен шайып, көзі ірі үккішпен үгу керек. Жуылған алманы жіңішкелеп кеседі. Ақжелкеннің де тамырын әуелі жуып алып, үккіштен өткізеді. Петрушка мен кинза көгін майдалан турап, барлығын қаймақ құйын араластырып, тұз, құмшекер және лимон шырынын қосу керек, (шырынның орнына суда еріткен лимон қышқылын қосуға да болады). Дастарқанға қоярда петрушка және кинзамен әс емдеуге болады. 100 г қызылшаға:

  • 100 г алма (қышқыл сортын)
  • 1 шай қасық үгітілген ақ желкен
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 1 ас қасық майда туралған кинза мен петрушка
  • қос ады
  • ал тұз
  • құмшекер
  • лимон шырынын дәмі енгенше салады.

Пісірілген немесе қуырылған қызылшадай әзірленген салат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылшашы суға қайнатып немесе духовкада пісіріп, қабығын аршын, таспалан турап, тұздай, бұрыштал, өсімдік майып, сірке суын немесе лимон шырынын қосып, барлығын араластыру қажет. Бетін аскөкпен немесе петрушкамен әдемілеуге болады. Салат ет тағамдарымен бірге беріледі.

Қызылшадан жасалған икра

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылшаны қайнатып алын, қабығын аршын, ет тартқыштан өткізіп, құм шекер, май, лимон шырынын қосып араластырып кастрюльге салады да, отқа қояды (5—10 минутқа). Тек үнемі араластырып отыру қажет. 500 г шикі қызылшаға:

  • 2—3 ас қасық құмшекер
  • 2 ас қасық сары май
  • 0,5 лимон шырыны керек
  • тұзды татымына қарай салады.

Қызылша, пияз және сарымсақтан жасалған икра

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Піскен қызылшашы аршын, ет тартқыштан өткізеді. Пиязды қуырыл, қызылшамен араластырып, тағы да ет тартқыштан өткізеді. Томатты аздап қуырып, оған лимон шырынын, тұзға үлкен сарымсақ, құмшекер қосу қажет. Барлығын ар аластырып, кастрюльге салып отқа қояды (5—10 минутқа). Үнемі араластырғыш отыру керек. 500 г шикі қызылшаға: 2 пияз, 2—3 ас қасық өсімдік майы, 2 ас қасық томат, 2—3 түйір сарымсақ, 0,5 лимон шырын ы керек, құмшекер мен тұзды дәмділігіне байланысты салады.

Қаймаққа бұқтырылған қызылша

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылшаны жуып, пісіріп, тазартыл, төрт бұрыштан немесе кеспелеп турайды да кастрюльге салады. Майдалан туралып, шамалы қуырылған пияз, қаймақ немесе қаймақ соусын қосып, бетін жауып 20—25 минут бұқтыру (жиі-жиі араластырып отырып) қажет. Сонан кейін тұзбен құмшекер салады. 500 г шикі қызылшаға:

  • 1,5 ас қасық сары май
  • 1 пияз
  • 3 / 4 стакан қаймақ керек
  • тұзды татымына қарай салады.

Фаршталған қызылша

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызыл шапы жуып алып, қуырады, қабығын аршын, кесе іспеттес етіп ортасын ою қажет. Оны күріш пен ет фаршына толтырып, сарs май жағылған қаңылтыр табаға салып бу пешіне 20 минут қояды. Содан кейін қызылшаға қаймақ құйып, бу пешіне тағы да бірнеше минутқа қояды. Фаршты дайындау :

  • етті ет артқыштан өткіз еді немесе майдалан турап
  • піскен күріш
  • шамалан қуырған пияз
  • тұз
  • бұрыш қосу керек.

Ірілігі орташа 8 қызылшаға:

  • 200—250 г ет (біріңғай)
  • 1/4 стакан күріш
  • 1 пияз
  • 2 ас қасық сары май
  • 200—250 г қаймақ керек
  • тұз және бұрыш ас дәм енгенше салынуға тиіс.

Қызылша және грек жаңғағынан дайындалған салат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызылшашы пісіріп немесе бу пешіне қуырып алып, қабығsнан тазартып, көзі ірі үккіштен өткізеді немесе майдалан турап, сарымсаққа тұз қосып ұсақтан, жаңғақты майдалау қажет. Барлығын, майонезбен араластырып, тұз, құмшекер қосу керек. Сарымсақтың орнына ақжелкен қосуға болады. 200 г қызылшаға: 2 түйір сарымсақ немесе 1 ас қасық дайын ақжелкен, 2 ас қасық майдалану жаңғақ, 2 ас қасық майонез, тұз, құмшекер — керегінше.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9