Атеизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Атеизм символдарының бірі

Атеизм (дінсіздік, көне грекше: ἄθεος — аtheos - "құдайға сенбеушілік, "құдайсыздық"[1]) — ғылыми және философиялық сыни ойлауға негізге сүйене отырып, құдайдың бар екендігі туралы көзқарастарды теріске шығару. Атеистдінге сенбейтін, құдайға сенбейтін адам.

Қазақстандағы атеизм

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады, дін мен мемлекеттің арасы ажыратылған.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2021 жылғы ақпараты бойынша Қазақстан жұртында 2,25% атеисттер немесе агностиктер бұл көрсеткіш 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 0,51% ға төмендеген, яғни 2009 жылы Қазақстандағы атеист немесе агностиктердің пайыздық үлесі 2,81% құраған.[2]. Ал Central Asian Bureau for Analytical Reporting мақаласына сәйкес Қазақстан халқының 18,8 % атеистер[3].

Жалпы сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атеизм дінді мойындамайды әрі дін иелеріне қарсы дискриминация жасап жатқаны ертеден ақ белгілі. Атеизмнің шығуы өндірістің, ғылымның және қоғамның, саяси өмірдің өсіп жетілуіне тығыз байланысты. Атеизмнді дін қағидаларын толық мойындамай, оған өзінше түсінік бергісі келген еркін ойшылдардан, дінге немқұрайды қарайтындардан айыра білу керек. Атеисттердің фанатизмінің кесірінен 20 ғасырдың басында Кеңес одағында "күшпен атеисттендіру" саясатынан қаншама дін иесі зардап шегіп тарихы терең діни ғимараттар зардап шекті.


Атеизмді пантеизм мен деизмнен де айыра білу керек. пантеизм - құдай ментабиатты бір деп қарайтын философиғыт. Ал, деизм әлемді құдай жаратқанымен, оның күнделікті табиғи болмысқа қатысы жоқ деп санайтын философиялық бағыт.

18 ғасырдағы ағылшын материализмі мен Ресейдегі А. Н. Радищев дамытқан деизм атеизмге қарсы жасалынған бірінші қадам болды.

Атеизм 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың бас кезінде Францияда философ-скептик Пъер Бейль(1647-1706) мен деревня священнигі Жан Мелье (1664-1729) арқылы жарыққа шықты. Бұдан кейін Атеизм Францияда кең өріс алып, тамырын терең жаяды. Вольтер, Дидро, Гельвеций, Гольбах есімдерімен тарихқа белгіліфранцуз атеизмі жалпы жер жүзіндегі атеистік ой-пікірдің үлкен белесі болды.

19 ғасырдың орта шенінде атеистік ойды одан әрі дамытқан неміс философы, гуманист ойшыл Фейербах болды. Ол діннің гносеологиялық тамырын жан-жақты зерітеп, оның идеализммен тығыз байланысты екендігін дәлелдеп берді. Фейербах адам қоғамының даму жолында діни сананың рөліне маңыз беріп, ескі діннің орнына адам арасындағы сүйіспеншілікке негізделген "ізгі" жаңа дін жасамақшы болды.

Атеистік ой-пікірдің шығуы, даму жолы әр халықта әр түрлі сипатта болды. Бұл - қоғамдық зандылық. Мысалы Ресейде Кеңес одағы кезінде "күшпен атеисттендіру" саясаты нәтижесінде көптеген шіркеулер мен мешіттер жойылып олардың орнына түкке қажеті жоқ кешендер салынды, дін иелері қуғынға ұшырап, репрессияланды. Мұның өзі атеизмнің сорақы идеология екенін дәлелдеп берді.

Атеизмнің қазақ еліндегі жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ тарихындағы алғашқы атеисттердің бірі болған Шоқан Уәлиханов ислам дінін барынша жамандауға тырысқаны белгілі. Алайда ол осы арқылы өз халқына қызмет еттім деп санады, негізінде ол осы арқылы қазақ халқын аз болмағанда Христиандандырып жібере жаздады.

Ол қазақ даласында жүргізілген Қырғыз Миссиясы деп аталған Христиандандыру саясатын қолдап өз ұлтының тамырына балта шаппақшы болды.

Ол исламды "ғылымға қарсы шығады" деп есептеп, өз ата бабасы Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн,Әл Фараби сынды ғұламалардың еңбектерін жоққа шығарды.

Былайша айтқанда атеизм қазақ даласында кең қанат жая алмады. Оған негізгі себеп болған қазақ даласындағы сопылық бағыттар мен қазақ халқы асылсүйек деп құрметтейтін Қожалардың беделінің күшті болуы болды.

Тіпті қазақтардың арасында шоқындыру саясатына ашық қарсы шыққан көтерілістер болды, әрі бұл көтерілістерді елге белгілі болған ишандар мен қожалар басқарып оны халық қостады.

Осы жайлы Николай Ильминский өзінің патша өкіметіне жазған құпия баянхатында " қазақтарға сендер мұсылман емессіңдер, сендердің ата бабаларың тәңір дінін ұстанған деп айту керек, сонда ғана оларды христиан дініне өткізу оңай болады" деп жазған.

Осыдан ақ Шоқанның қазаққа емес орысқа қызмет еткенін біле аламыз.

Қазақ даласында атеизм тек Кеңес одағы кезінде ғана өрістеді оның өзінде ол қатты дами алған жоқ.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ἄθεος Henry George Liddell. Robert Scott. A Greek-English Lexicon. revised and augmented throughout by. Sir Henry Stuart Jones. with the assistance of. Roderick McKenzie. Oxford. Clarendon Press. 1940.
  2. [http://www.uralskweek.kz/2017/07/13/zakonoproekt-o-zashhite-ateistov-gotovyat-v-kazaxstane/
  3. Дінге сенбейтіндер. Қазақстанда атеистердің саны кеміген  (қаз.). cabar.asia (27 тамыз 2019). Тексерілді, 29 сәуір 2021.