Атпақияр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Атпақияр

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Cucurbitales
Тұқымдасы: Cucurbitaceae
Кіші тұқымдасы: Cucurbitoideae
Тайпасы: Bryonieae
Тегі: Ecballium
A.Rich.
Түрі: E. elaterium
Екі-есімді атауы
Ecballium elaterium
(Карл Линней) A.Rich.
Синонимдері

Elaterium Mill.

Атпақияр (лат. Ecballium) – асқабақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдік.


Қазақстанда 1 ғана – кәдімгі А. (E. elaterіum) түрі бар. Ол Қаратау, Батыс Тянь-Шань тауларында кездеседі. Биікт. 0,5 – 1,5 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген. Сабақ бұталары қысқа, ұзындығы 10 – 20 см болады. Жапырақтары қатпарлана біткен ұзын келеді. Гүлдері ақсары түсті, жемісі ұзын, қанық жасыл, сыртында қылтаны болады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс бере бастайды. Бір үйлі, дара жынысты, аталық гүлдері шашақталып, ал аналық гүлі жалғыз өседі. Жетілген жемістері кәдімгі ас қиярына ұқсас келеді, тек айырмашылығы мөлшері кішілеу, сыртын қалың түк басқан. Піскен жемісіне бір нәрсе тисе болды, түп жағынан жабысқақ кілегей бөлініп шығып, тұқымдары 12 м-дей жерге шашырап кетеді. Осыған байланысты оны «атпақияр» деп атайды. А-дың бұл биол. ерекшелігі оның тұқымының тез таралып өсуіне мүмкіншілік береді. А-ды Қазақстанның оңт. аудандарында қолдан да өсіреді. Оның жемісі мен шөбін мал сүйсініп жейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]