Ақ жол демократиялық партиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы
Басшысы

Азат Перуашев

Негізін салушы

Болат Әбілов
Әлихан Бәйменов
Ораз Жандосов[1]

Құрылған жылы

3 сәуір 2002 жыл

Штаб-пәтері

010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30

Мүшелер саны

255,800 адам (2020)[дереккөзі?]

Мәжілістегі мандат саны
6 / 98
Сайты

akzhol.kz

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, қысқартылғанда «Ақ жол» партиясыҚазақстандағы ресми түрде тіркелген саяси партиялардың бірі. Партияның[2] және фракцияның[3] төрағасы — Азат Перуашев. 2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Мәжілістегі 98 мандаттың 6-ауын жеңді.[4][5] Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 желтоқсан айына).[дереккөзі?]

Әлихан Бәйменов пен Людмила Жуланова

2001 жылдың 18 қарашасында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы құрылады. Қозғалысты Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов басқарды. Бұлардың көптеген мәселе бойынша көзқарастары сәйкес келмеді, сондықтан соңғы үшеуі қозғалыстан шығып кетті.

2002 жылғы 3 сәуірде Әбілов, Бәйменов, Жандосовтар «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылуын жариялап, өздері партияның тең төрағалары болып сайланды. 2003 жылғы 9 қарашада өткен «Ақ жол» ҚДП III құрылтайында тең төраға болып қосымша Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сайланды. Уақыт өте келе, тең төрағалар саяси көзқарастары бойынша екі лагерьге бөліне басталды: бір жағынан Әбілов, Жандосов, Сәрсенбайұлы тұрса, екінші жағынан Бәйменов, Жуланова.[6]

2005 жылы 13 наурызда партияның V құрылтайында «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын тарату туралы қаулы қабылданып, бірыңғай төраға болып Әлихан Бәйменов сайланды. Бұған қалған төрағалар келіспей, "Нағыз Ақ Жол" партиясын құрды.[7]

2011 жылғы 2 шілдеде партияның Астанада өткен құрылтайында «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып бірауыздан Азат Перуашев сайланды. Перуашев Нұр-Отан партиясынан бұдан бірнеше күн бұрын шықты.

«Ақ жол» ҚДП-ның облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 17 филиалы, Жезқазған, Семей қалаларында 2 өкілдігі бар.

Партия мүшелерінің саны 255 800 адамды құрайды (2020 ж. желтоқсан айына), оның ішінде – 64% – ерлер, 36% – әйелдер. Жастар партия санының 11%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына Мұрағатталған 10 наурыздың 2016 жылы. сәйкес 2002 жылы 12 желтоқсанда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.[8]

Сайлауға қатысуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2004 жылы Мәжіліс сайлауында ресми деректер бойынша партия 12,04% дауыс алып, 1 мандатқа ие болды.

2007 жылы Мәжіліс сайлауында партия 3,09 % дауыс жинап, Парламентке өтпей қалды.

2012 жылдан бастап «Ақ жол» ҚДП парламенттік партия болып табылады, Мәжілісте депутаттық фракциясы бар.

2012 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия сайлаушылардың 7,47 % дауысын жинап, 8 депутаттық мандат алды.

2016 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 7 мандат алды.

2021 жылғы сайлау қорытындысы бойынша партия 12 мандат алды. Парламенттік сайлаумен қатар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға сайлау да өтті, оның нәтижелері бойынша «Ақ жол» партиясының 222 өкілі мәслихаттардың депутаттары болып сайланды, оның ішінде: 39 – облыстық, 65 – қалалық, 118 – аудандық.

2021 жылы алғаш рет аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өтті, оның қорытындысы бойынша әкімдер лауазымына «Ақ жол» партиясының 11 өкілі сайланды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы («Ақ жол» ҚДП)  (қаз.). Партияның ресми сайты.
  2. Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы  (қаз.). informburo (19 наурыз 2023).
  3. Фракция  (орыс.). Партияның ресми сайты.
  4. «Ақ жол» партиясы да депутаттарын атады  (қаз.). ДӘСТҮР (27 наурыз 2023).
  5. СМАЙЫЛОВА, Балжан Сайлау-2023: Ең көп мандатқа AMANAT партиясы ие болды  (қаз.). inbusiness (27 наурыз 2023).
  6. https://akzhol.kz/partija/
  7. https://www.azattyq.org/a/1157565.html
  8. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]