Балқан Антантасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Балкан Антантасына кірген елдер
Румынияда 1940 жылы шыққан пошта маркасы

Балқан Антантасы - Грекия, Румыния, Югославия және Түркия 1934-ші жылы 9-шы ақпанда Афиныда қол қойылған пакті, бұл аймақтағы мемлекеттерді біріктіру арқылы бейбітшілік сақтауды көздеген мақсатта. Балқан Антантасы Балқан мемлекеттерінің территориялық статус-квосын сақтау негізінде жалпы одақ құру, келіс сөздер мен конференциялардан кейін жасалды. Бұл аймақтағы мемлекеттерді біріктіру арқылы бейбітшілік сақтауды көздеген мақсатта.

Бұл пакт бойынша, төрт Балқан мемлекеті

  • бір-біріне шабуыл жасамауға,
  • ал олардың біреуіне басқа бір Балқан мемлекеті шабуыл жасай қалса (Болгария немесе Албания), бұл пактіге мүше басқа мемлекеттер оған көмек көрсетуге міндетті болды.

Бастапқы кезде бұл одақтың КСРО-на қарсылығы жоқтығы келісімге бөлек бап болып кірген. Себебі Түркия үкіметінің КСРО-мен жақсы қарым-қатынаста болған. Бірақ 30-шы жылдардың екінші жартысында Балкан Антантасына кіруші елдердің үкіметтері Кеңес Одағымен достық қарым-қатынас орнатуға және қауыпсіздікті ұжымды түрде ұйымдастыруға қарсы болды. 1939-шы жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсы аңында Балкан Антантасы тіршілігін тоқтатты[1] .

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том