Басра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
әл-Араб
shatt Al-Arab
Әли бин Әбу Тәліб мешіті
Көне Басра
Әл Басра мұнай терминалы.

Басра, БассораИрактың оңтүстігіндегі ежелгі қала. Шатт әл-араб өзені бойындағы ірі порт, Басра мұхфазының орталығы. Халқы 617 мың адам (1997).

Басраны 637—638 жылдары халиф Омар салдырған. 8—9 ғасырларда Араб халифатының мәдени және экономикалық орталығы болған. Мұнда қазақ даласынан шыққан ғұлама ойшыл Абд Әл-Ғафур Әл-Кердери,мұсылман өркениетінің ірі тұлғалары Әбу Жүсіп Әл-Кинди, Әбу Осман Әмір Әл-Жаһиз, Әбу Әли әл-Хайсам, т.б. білім алған. 1258 жылы оны Шыңғыс хан ұрпақтарының әскері қиратты. 16 ғасырдың 30-жылдары Осман империясының құрамына енді. 1914 жылы қарашада ағылшындар басып алып, 1-дүниежүзілік соғыстан соң, Ирактың қол астында қалды. 1930—1950 жылдары ірі өндіріс орындары ашылды. Жол торабында жатқандықтан, 2-дүниежүзілік соғыстан кейін көркейіп, Ирактың ірі қалаларының біріне айналған. Көптеген ірі кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары бар.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2