Бекен Имаханов
Бекен Имаханов | |||
Туған күні | |||
---|---|---|---|
Туған жері | |||
Қайтыс болған күні |
4 желтоқсан 2023 (87 жас) | ||
Азаматтығы | |||
Қызметі |
актер, театр педагогы | ||
Белсенді жылдары | |||
Театр |
Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры | ||
Марапаттары |
|
Бекен Имаханов (20 қараша 1936 — 4 желтоқсан 2023) — кеңестік және қазақ актері. Қазақ КСР халық әртісі (1981). Семей қаласының Құрметті азаматы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бекен Имаханов 1936 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1955–1959 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін бітірген. 1959 жылдан Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында өнер көрсетті.
Ойнаған рөлдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” спектакліндегі Қодар.
Сахнада Ақан, Бекежан (Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқтысы” мен “Қыз Жібегінде”), Абай (М. Әуезов пен Л.С. Соболевтің осы аттас трагедиясында), Қобыланды, Кебек (Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” мен “Еңлік – Кебегінде”), Бауыржан Момышұлы (А.А. Бектің “Волоколам тас жолы” повесі бойынша қойылған спектакльде), Дуанбасы (Н.В. Гогольдің “Ревизорында”), Танат (М. Сәрсекеевтің “Жарылысында”), Құрманғазы (М. Ибраевтың “Кісен ашқанында”), Құрбан (Қ. Мұхамеджановтың “Жат еліндесінде”), т.б. басты тұлғаларды өзіндік өрнекпен мүсіндеді.
Актер 1971–72 жылғы театр маусымында Қазақ драма театрына арнайы шақырылып, бірнеше спектакльге (Д. Файзидің “Башмағымында” Тыңшы рөлі, т.б.) қатысып ойнады.
“Шәкерімнің соңғы күзі” атты толық метражды түрлі-түсті фильмде Шәкерім бейнесін жасады.[1]
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1969 жылы Қазақ КСР Еңбегі сіңген әртісі
- 1970 жылы Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл медалі
- 1981 жылы Қазақ КСР халық әртісі құрметті атағы берілді
- КСРО-ның Еңбек ардагері медалі
- Тәуелсіз Қазақстанның "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған
- Семей қаласының Құрметті азаматы атағының иегері
- 2015 жылы "Ұлы Отан соғысына 70 жыл" медалі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005. ISBN 9965-26-095-8
- 20 қарашада туғандар
- 1936 жылы туғандар
- 4 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 2023 жылы қайтыс болғандар
- Соңғы жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша актерлер
- Қазақстан актерлері
- КСРО актерлері
- XX ғасыр актерлері
- XXI ғасыр актерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры әртістері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері
- Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері
- Семейдің құрметті азаматтары