Біз де (ойын)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Біз де бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

«Біз де» — ұлттық ойын. Көбіне балалар, жастар ойнайды.

Ойынға қатынасушылар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы жиналғандардың алдына шығып, әңгіме айта бастайды.

Егер бастаушы ойнаушылар қосылатын сөз айтса, басқалар «біз де» деп қосылып айтады да, балалардың қосылмайтын сөзі болса, «біз де» деп айтуға болмайды. Байқамай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойынға қатынасушылардың тілегін орындап, айып тартады.

Айыптан ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп құтыла алады.

Ойын жүргізуші:

Мен көлге барам,

Ойынға қатынасушылар:

Біз де!

Ойын жүргізуші:

Онан үйрек ұстап алам.

Ойынға қатынасушылар:

Біз де!

Ойын жүргізуші:

Үйректің жарымын күшігіме берем.

Ойынға қатынасушылар:

Біз де!

Ойын жүргізуші:

Күшігім жейді.

Осы кезде біреу: «Біз де» деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады. Ойын жүргізуші әңгімені ары қарай құрай береді. Ойын тілді еркін меңгеріп, ойды жеткізе білуге жаттықтырады.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3