Гондвана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
A.
"Гондвана"

Гондвана[1]— көбіне палеозойда және мезозойдың басында Оңтүстік жартышарда болған деп болжанатын алып суперконтиненті. Гондвананың Солтүстік жарты шардағы антиподы — Лавразия.

Гондвана (Орталық Үндістандағы тарихи атыраптың атауынан алынған) — орта және соңғы палеозой мен мезозойдың бастапқы кезінде болған, негізінен, Оңтүстік жарты шарды және Оңтүстік Американың басым бөлігін (Анд тауларынан шығысқа қарай), Африканы (Атлас тауынан басқа), Арабияны, Үндістан түбегін (Гималайдың оңтүстігіне карай), Аустралияны (шығысындағы таулардан батысқа қарай) және Антарктиданы қамтыған және екіншілік туындыларын өлшеу әдістерін зерттейін ғылым.[2]

Гондвана флорасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Триастың соңы, юра кезеңінің басында Гондвана бірнешеге бөлініп, одан осы күнгі Оңтүстік Америка, Африка, Арабия, Үндістан, Австралия жəне Антарктида құрлықтары пайда болды. Сондықтан Гондвана флорасының көптеген түрлері, туыстары мен тұқымдастары əр түрлі құрлықта кездескенімен, шығу тегі бір жерден екендігін көрсетеді. Мысалы, протеиндер тұқымдасының кездесу ареалы - Австралияда 700-ге жуық түр, Оңтүстік Африкада 300-ге жуық түр, Оңтүстік Америкада 7 түрі кездеседі. Осылайша осы құрықтардың бастапқыда біртұтас болғандығын біле аламыз.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.