ДНҚ репликациясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ағзалар жасушалардың бөлінуі нәтижесінде өсіп, жетіледі. Микроспекирометрия әдісімен зерттегенде жасуша бөлігіндегі ДНҚ молекуласында екі есе көбейетіндігі дәлелденеді. ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі ДНҚ репликациясы деп аталады (лат. replicatio - «қайталау»).

Эукариоттағы репликация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Джеймс Уотсон, Фрэнсис Крик болжамдағандай эукариоттарда ДНҚ реплекациясы жартылай сақтау (консервативті) деп аталатын жолпен жүруі керек. Олардың гипотезасын М.Мезельсон және Ф.Сталь радиоактивті таңбалы атом әдісін қолданып дәлелдеді. E coli бактерияларының аналық ДНҚ молекуласын азоттың ауыр N15 таңбасымен зерттегенде екінші циклдан кейін екі еселеніп өскен ДНҚ молекуласының бір тізбегі бұрынғы, аналық тізбегі, ал екінші комплементарлы тізбек жаңадан түзілген болып шықты. Экпирименталды материалдар бойынша консервативті реплекация мүмкін емес, яғни жаңадан түзілген екі ДНҚ молекуласының біреуінің екі тізбегі де аналық тізбектен, ал екінші ДНҚ молекуласының екі тізбегі де жаңадан құрылуы болмайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы