Дамыған елдердің салық жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
     Экономикалары дамыған      Экономикалары дамушы(орташа қарқын)      Экономикалары дамушы(нашар қарқын)Классификация МФВ және ООН

Дамыған елдердің салық жүйесі, нарықтық экономикаға тәуелді. Оған тікелей салықтар: заңи тұлғалардың табыс (пайда) салығы, жеке тұлғалардың табыс салығы (өзіндік табыс салығы), капиталдан пайыз түрінде алынатын табысқа салынатын салық, меншік (мүлік) салығы; жанама салықтар: акциздер, ІІС, сатудан төленетін салық, кеден бажы, мәміле салығы жатады. Әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін жарналар, мақсатты салықтар не бюджет жүйесіне (АҚШ), не дербес әлеуметтік сақтандыру қорларына (Ұлыбританияда Ұлттық сақтандыру қорына, ГФР-де Әлеуметтік сақтандыру қорына) түседі. Салықтар мен әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін жарналар мемлекеттік кірістің негізгі үлесін құрайды (мыс., Ұлыбританияда 98%). Бірқатар елдерде тікелей салықтарға салмақ салынады (АҚШ), екінші бір елдерде жанама салықтарға ден қойылады (Франция), үшінші бір елдерде тікелей және жанама салықтар шамамен теңдестірілген (Ұлыбритания, ГФР). Федерациялы мемлекеттерде салық жүйелері федералдық, аймақтық және жергілікті салықтарды қамтиды, біртұтас мемлекеттерде орталық үкіметтің салықтары мен жергілікті салықтар қолданылады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

.