Джеки Чан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джеки Чан
Jackie Chan
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Фан Син Лун (Чан Кон Сан)*
陳港生 (дәст.)*
陈港生 (жеңі.)*
Чэнь Ганшэ́н (манд.)*
Чань Конса́н (кант.)

Туған күні

7 сәуір 1954 (1954-04-07) (70 жас)

Туған жері

Виктория шыңы, Гонконг

Азаматтығы

 Гонконг
 Қытай
 АҚШ

Мамандығы

актер, каскадёр, режиссёр, продюсер, сценариші, әнші

Белсенді жылдары

1962қазіргі уақытқа дейін

Бағыты

Жауынгерлік өнер туралы фильм
комедия
атыс-шабыс фильм
драма

Марапаттары

«Оскар сыйлығы» (2016)

IMDb

ID 0000329

www.jackiechan.com

Джеки Чан (қыт. 成龍, Чэн Лун; туған кездегі аты қыт. 陳港生, Чэнь Ганшэн (Гонконгта туған Чэнь); ағылш. Jackie Chan; 7 сәуір, 1954 туған, Гонконг, Қытай) — атақты қытайлық және америкалық актёр, каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценаристші, шайқас көріністерін қоюшы, әнші, филантроп және ЮНИСЕФ елшісі.

Чан — әлемдегі ең танымал экшен-кейіпкерлердің бірі, ол акробатикалық жекпе-жек стилімен, комедиялық сыйлығымен, сондай-ақ жекпе-жекте "импровизацияланған құралдардың" барлық түрлерін қолданумен танымал. Ол 100-ден астам фильмдерде ойнады және әлемдегі ең танымал азиялық актерлердің бірі. Кинодан басқа, ол әншілік мансаппен де айналысады — ол көптеген фильмдерінде ән айтады және 1980 жылдардан бастап альбомдар шығарады.

Кино өнеріне қосқан үлесі үшін "Оскар сыйлығы" құрметті сыйлығының иегері.

Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.

1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді. Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Бірақ, қалың жұрт Джеки Чанды әнші ретінде емес, әртіс ретінде таниды. 100-ден астам фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Ең алғашқы түскен киносы «Мәңгілік махаббат», «Жас жолбарыс». Осы актерлік өнердің, ерен еңбектің арқасында Джеки Чан әлемдегі ең бай адам атанып және көптеген табыстарға қол жеткізіп отыр. Ол мұқтаж адамдарға көмек беруден аянбайды, ЮНИСЕФ және Гонконг қаласындағы балалар үйіне 4,14 млн доллар өткізген.

Лақап аттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Джеки деген атпен танымал болғанға дейін ол көптеген бүркеншік аттарды қолданған. Ол шамамен 5,5 кг салмақпен дүниеге келгендіктен, анасы оған Пао Пао («зеңбірек добы») лақап ат берді. Содан кейін опера мектебінде Чан мұғалімі Ю Джим-Йеннің атымен Юен Ло деп аталды.

1976 жылға дейін ол Чен Юен Лунг (Юэн-Лун Чан) деген атпен белгілі болды. Содан кейін ол австралиялық жолдастарынан Джеки есімін алды. Чан құрылысшы болып жұмыс істеген кезде құрылыста Джек есімді жігіт жұмыс істеді, ал Чан қарапайымдылығы үшін Кішкентай Джек (сол кезде Джеки) деп аталды. Әкесінің шын тегі Фонг (қытайша 房) болғандықтан, Джекидің қытайша аты кейін Фонг Силонг ​​(қытайша 房仕龍) болып өзгертілді. Ол сонымен қатар кантон тілінде Sing Lung және мандарин тілінде Чен Лунг деп аталады (қытайша 成龍; Sing Lung, Cheng Long; «Айдаһарға айналады»), ең жиі қолданылатын бүркеншік ат.

Ол сондай-ақ Юан Лунг Чан, Лунг Чен, Лонг Чен, Велсон Чин, Бейсбол Бат (өздігінен қауіпті секіру трюктерін жасағаны үшін) бүркеншік аттармен әрекет етті.

Джеки Чан және аюлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Чан Мырза Германияның Берлин қаласында «Жер шарын 80 күн ішінде айналу» (Around the  World in 80 Days) фильмін түсірген кезде, ол "Бадди аюларының одағы" (United Buddy Bears) туралы біліп алды. Сол уақытта Бадди атты аюларды Берлин қаласының әр бұрышында кездестіруге болатындай болды. Джекки түрлі түсті аюларға қызығушылық танытты да, аюлар туралы қосымша ақпарат алды. Алынған ақпарат бойынша, аюлар Берлин тұрғындары Клаус және Ева Херлицтің қолдарынан шықты. Аюлардың Джекки сияқты бір маңызды мақсаты – адам баласына келесі ұранды білдіру болды: адамдар үйлесімділік пен бейбітшілікте өмір сүруі тиіс. Сонымен қатар, Бадди атты аюлар игі қайырымдылық мақсатына арналған қаражат жинауға көмектесті. Чан бұл идеяны жақсы көріп, және 2004 жылы оның көмегімен Бадди атты аюлар Гонконг қаласында шеңберге тұрды.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]