Дрезден сурет галереясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дрезден сурет галереясы - Германияның Дрезден қаласындағы әлем суретшілерінің таңдаулы туындылары жинақталған сурет көрмесі.

Мұнда 15 — 18 ғасырлардағы италиялық (Рафаэль, Джорджоне, Тициан, П.Веронезе, Корреджо, т.б.), 17 ғасырдағы голланд және фламан (Рембрандт, Я.Вермер, П.П. Рубенс, т.б.), испан (Д.Веласкес, Х.Рибера, т.б.), 17 — 18 ғасырлардағы француз (Н.Пуссен, А.Ватто, т.б.), 16 ғасырлардағы неміс (А. Дюрер, Г. Гольбейн, т.б.) суретшілерінің картиналары қойылған. Дрезден сурет галереясы 16 ғасырда саксондық курфюрсттер Кунсткамерасының (сирек кездесетін заттарды жинайтын орын) бір бөлімі ретінде пайда болған. 18 ғасырда кеңейтіліп, 19 ғасырдың ортасында мұражайға айналды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде немістер галереяны қала сыртындағы үңгірге көшіріп, тығып тастаған. Соғыс біткен соң галерея КСРО-ға (1945) көшіріліп, ал 1955 жылдың жазында ГДР-ге қайтарылады. 1956 жылы маусым айында Дрезденде қайтадан ашылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энцклопедиясы