Дыбысжазба студиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Микшерлік пульт пен монитор орналасқан дыбысжазба студиясының басқару бөлмесі. Артқы жақта дыбысжазба бөлмесі.

Дыбысжазба студиясы — дыбыстты жазу және өңдеуге арналған арнайы бөлме немесе ғимарат. Дыбысжазушы студия және аудиостудия деген атаулармен де белгілі.

Дыбысжазба студиялары музыка, фильмдердегі, телевидениедегі және мультфильмдердегі әртістердің дауыстарын, диалогтарды, дыбыстық эффектілерді және осы фильмдерге арналған музыканы (саундтрек) жазу үшін қолданылады.


Дыбысжазба студиясының ғимараты дыбысинженер бөлмесі, жазба, музыкалық аспаптар және кей жағдайда тыңдау бөлмелерінен тұрады. Кейде үлкен және шулы қондырғыларды (мысалы, магнитофон) арнайы бөлек бөлмеге орнатады.

Дыбысжазба мен жазылып отрыған материалды бақылайтын бөлмелерге арнайы талаптар қойылады: дыбысты өткізбеу және дыбыс жұту.

Дыбыс жұтуға қабырғалар мен төбеге арнайы дыбысты жұтатын материалдарды бекіту арқылы қол жеткізіледі. Бұл материалдар белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқындарын жұтудың (өшіру) жоғары көрсеткіштеріне ие және жаңғырықты (табиғи реверберация) жоюға мүмкідік береді. Нәтижесінде жазбаның түріне байланысты әр бөлмеге өзінің арнай материалдары қолданылады. Мысалы, вокалдық жазба өтетін бөлмелерге поролон, мақта, ковролин және/немесе олардың комбинациясы қолданылады (бұл материалдар 3 КГц-тен 9-10 КГц диапазонындағы дыбыстарды жақсы жұтады), алайда бұл материалдар барабан және контрабас сияқты аспаптардың жазбасы өтетін бөлмелерде қолданылмайды (себебі мұнда төмен және субтқмен жиілікті жұтатын композиттік материалдар қажет).

Дыбысты өткізбеуге студия қабырғаларының арнайы конструкциясы арқылы қол жеткізіледі. Қабырғаларды қалыңдатаады және мүмкіндігінше бірнеше қабат қабырға қойылады және олардың аралығына дыбыс толқынының энергиясын жұту үшін құм немесе басқа да материалдармен толтырады. Бұл өзгертулер студияны сыртқы және ішкі шудан оқшаулайды.

Студияны жабдықтау негізінен дыбысты ұстайтын (микрофондар, дыбыс түсіргіштер), өңдейтін (микшерлер, сигналды процессорлар, компрессорлар, комьютерлік плагиндер, және т.б.), жазатын (DAT-магнитофондар, қатқыл дискілер, аналогтық дыбысжазба құрылғылары) және ойнататын (студиялық мониторлар, студиялық акустика) құрылғылардан тұрады.

Студиялық мониторлар — дыбысжазба студиясының ажырамас бөлігі. Олар дыбысты ойнатумен қоса дыбыс мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг — студияның маңызды құрамдас бөлігі. мониторинг үшін студиялық құлаққап және студиялық мониторлар (студялық акустикалық жүйе) қолданылады.

Микрофондар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Микрофон

Микрофондар акустикалық толқынды электрлік немесе сыйымды тербеліске конвертациялауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда барлық дыбысжазба студияларында негізінен конденсаторлық, таспалық және динамикалық микрофондар қолданылады. Олар өздерінің жиіліктік және динамикалық сипаттамаларымен, сезімталдылығымен және бағытымен ерекшеленеді. Конденсаторлық және таспалық вокалдық микрофондар үлкен жиіліктік және динамикалық диапазон мен жоғары сезімталдылыққа (тез жауап беруге) ие үлкен мембраналарға ие. Олар микрофон корпусына вибрациялардың әсерін жоюға арналған арнайы резеңке тұпқоймаға қойылады.

Аспаптық микрофондарды әрбір орындаушы өз талғамына қарай өзі таңдайды. Ысқақты-ішекті аспаптарды жазу үшін көбінесе белгілі жиіліктерде сезімталдығы жоғары, әрбір аспаптың дыбыс ерекшеліктерін жеткізу мақсатында тығызбағытталған конденсаторлы микрофондар қолданылады.

Микшерлік пульт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Микшерлік пульт

Микшерлік пульт көптеген аудио кірістер мен шығыстардан, коммутаторлардан тұратын құрылғы болып табылады. Қажетті гармониядағы барлық дыбыс көздерін жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық дыбыс көздері көптеген дыбыс өңдеу сатысынан өтеді: алғыкүшейткіш, эквализация, панорамалау, балама дыбыс көздерімен жинақтау және т.б. Сонымен қатар осылай өңделген дыбыс коммутация панелі көмегімен микшердің басқа аудио шығысына қайта бағыттала алады. Аудио кіріс/шығыстардың күрделі жүйесі аудиосигналды ағынды түрде өңдеуге және нәтижесінде оны ортақ микске қосуға мүмкіндік береді. Микшерлік пульт дыбысжазба студиясының жүрегі іспеттес қондырғы болып табылады.

Виртуалды микшерлік пульт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Микшерлік пультті алмастыра алатын, арнайы құрылғылармен жабдықталған компьютер. Мультимедиялық студия классикалық дыбысжазба студияларына арзан және жақсы алмастыру болып табылады. Олар көпарналы студиялық классты дыбыс карталарымен және арнайы бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған және шебер қолында компьютер қуатты дыбысжазба студиясына айнала алады. Cubase және Adobe Audition сынды виртуалды микшерлерде классикалық аналогтық микшерге ұқсас функциялар жинағы бар.

1890–1930 жылдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Акустикалық (механикалық) дыбысжазба, 1920 жыл.

Акустикалық дыбысжазбалар дәуірінде (микрофондар, электрондық дыбысжазба мен күшейткіштер пайда болғанға дейін) алғашқы дыбысжазба студиялары сыртқы шудан оқшауланған бөлме ретінде болған. Бұл дәуірде дыбысжазба кез келген ыңғайлы орындарда өтетін, мысалы, дыбысжазбаны портативті құрылғылар көмегімен жергілікті би бөлмесінде өткізуге болатын.

Бұл кезеңде кәсіби дыбысжазбалар дискіде тікелей кесу әдісі бойынша жүргізілген. Орындаушылар акустикалық мүйіз (музыкалық фонографтың үлкейтілген түрі) қасында топталып тұрып әнді орындайтын. Дауыстарды және/немесе аспаптардың дыбыс энергиясы акустикалық мүйіз арқылы көрші бөлмеде тұрған механикалық айналғыш кескіш құрылғыға берілетін, мұнда сигналдар кескіш көмегімен цилиндрде немесе дискі бетіне науалар жасау арқылы жазылатын.

Микрофон, электронды күшейткіш, микшерлік пульт пен дауыс зорайтұыштың пайда болып, өндірістік қолданысқа енгізілуінен кейін дыбысжазба индустриясын электрондық дыбысжазбаға ауыса бастады. 1925 жылдан бастап RCA Victor және Columbia сынды ірі лейблдерінде ол механикалық дыбысжазба тәсілін ауыстырды. Ал 1933 жылы акустикалық дыбысжазба толықтай қолданыстан шықты.

1940–1970 жылдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1930-жылдары электрондық дыбыжазба кең тарағанымен, дыбысжазба әлі дискіде тікелей кесу әдісімен жүргізіліп келді. Бұл кезеңнің басында дыбысжазба студиялары негізінен үлкен симфониялық оркестрлер мен ансамбльдердің концерттерін жазумен айналысқан болатын. Кейінрек дыбысинженерлері үлкен залдардағы акустикасының дыбысжазбаға жағымды әсерін анықтап, дыбысжазбалар негізінен жанды дауыспен жүргізілетін болды. Қазіргі таңда қарапайым болып табылатын кішігірім бөлмелерде дыбысжазбаны жүргізу тәсілі тек 1960-жылдары кең етек жайды.

XX ғасыр ортасындағы дыбысжазба студияларының технологиялық мүмкіндіктері дыбысжазбаны тек музканттардың топтарына жүргізуге мүмкіндік берді, әрбір музыкантты бөлек жазу мүмкін болмады, сол себепті музыканттар мен микрофонды қоюдың арнайы стратегиялары ойластырылды. Дыбысжазбадағы мұндай әдіс қазіргі күнге дейін кейбір кинотуындылардың жазбасында қолданылады.

1960-жылдарға дейін студияларда жазба бөлмелерінің дыбыс өткізбеуі нашар болды, динамиктер жетіспеді. Бұл проблемалар кейінрек жоғары сапалы құлақсаптардың пайда болуымен шешілді. Осы кезден бастап музыканттардың дыбысжазба кезінде құлақсаптарды қолдануы қалыпты жағдайға айналды.

1970-жылдарда пайда болған сандық дыбысжазба кезеңіне дейін дыбысжазбалар винилді дискілерге және магнитті ленталарға, кассеталарға жазылатын. 1950-жылдары бір кассетаға 8, 1968 жылы 16, 1970-жылдары 32 ән жазуға мүмкіндік туды.

1980 жылдан қазірге дейін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1980-жылдарда сандық дыбысжазба кең етек жайды. 1982 жылы компакт диск стандартты мақұлданды. Осы жыыл Sony көпарналы студиялық дыбысжазба жасауға арналған DASH форматын ұсынды.

Қазіргі таңда көптеген студиялар сандық дыбысжазба қондырғыларын қолданып келеді. Мұнда жазылатын әндер санының шегі микшерлік пульттің немесе компьютердің мүмкіндіктерімен шектеледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]