Евгений Фёдорович Светланов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Евгений Фёдорович Светланов
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған күні

3 мамыр 2002 (2002-05-03)

Қайтыс болған жері

Мәскеу,  Ресей

Мемлекет

 КСРО Ресей

Мамандықтары

кеңес ресей дирижёрі, композитор және пианиношы.

Аспаптары

фортепиано

Ұжымдары

Үлкен театр

www.svetlanov-evgeny.com

Евгений Фёдорович Светланов (1928–2002) — кеңес ресей дирижёрі, композитор және пианиношы. КСРО-ның халық әртісі (1968). Лениндік (1972) және КСРО-ның мемлекеттік (1983) сыйлықтарының лауреаты. Социалисттік Еңбек ері (1986).

Е. Ф. Светланов1928 жылдың 6 қыркүйегінде Мәскеуде дүниеге келген. Фортепиано классы бойынша Музыкалық-педагогикалық училищеде (1944—1946) оқып, кейін Гнессиных атындағы институтта Н. К. Метнердің тәрбиеленушісі Мария Абрамовна Гурвичтің қол астында оқыды. Кейін М. Ф. Гнесинде композицияны оқыды. Институтты «фортепиано» мамандығы бойынша аяқтағаннан соң, 1951 жылы Светланов Мәскеу консерваториясының опералық-симфониялық дирижерлеу классына, профессор А. В. Гаука мен— Ю. А. Шапориннің композиция классында оқыды .

1954 жылы, консерваторияның 4-ші курс студенті бола тұра, Светланов Бүкіл Одақтық радионың Үлкен симфониялық оркестрінің дирижёр-ассистенті болып орналасты. 1955 жылы дирижёр, 1963—1965 жылдары — Үлкен театрдың бас дирижёрі болды. 1955 жылы Үлкен театрдағы Н. Римский-Корсаковтың «Псковитянка» операсында дебютке шықты. Дәл осы опера 45 жыл өткен соң Светлановтың Үлкен таетрда жасаған соңғы жұмысына айналды.

1962 жылы Кремльдің съездер сарайының музыкалық басшысы болып тағайындалды. 1965 жылдан 2000 жылға дейін КСРО-ның мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемөнелік басшысы және бас дирижері қызметін атқарды. (1991 жылдан бастап — Ресейдің).

1992—2000 жылдары гаагалық Резиденц-оркестрдің бас дирижері болды (Нидерланд). 2000—2002 жылдары — қайтадан Үлкен театрда қызмет атқарды. Светланов — бірнеше түпнұсқалық шығармалардың авторы: Симфония h-moll, «Даугава» және «Қызыл Калина» симфониялық поэмалары, Д. Ф. Ойстрах естелігіне арналған оркестрлік скрипкаға арналған поэмалары, виолончель ансамбльдеріне арналған ариялар және көптеген басқа да шығармалар. Светланов-композиторының стилі Сергей Рахманинов шығармашылығымен үйлеседі.

Оның әкесі мен шешесі Үлкен театрдың солисттері болған. Әкесі - Федор Петрович Светланов. Анасы - Татьяна Петровна Светланова (қыз күнінде Кругликова). Кіші қарындасы бар: Анна Федоровна Зубова (1933), Кемеровода тұрақтайды. Оның әкесі Светлановтар отбасынан шыққан, анасы белгілі дворян отбасы Кругликовтерден шыққан екен.

Естеліктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• 2006 жылы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрге Евгений Светлановтың аты берілді. • Светлановтың құрметіне 2004 жылы ашылған Мәскеу халықаралық музыкалық үйінің үлкен залы аталды. • Светлановтың аты кіші планетаға берілді № 4135. • 2004 жылдан бастап Светланов атындағы халықаралық дирижерлер сайысы өтіп отырады. • Е. Ф. Светлановтың аты «Аэрофлот» компаниясының Airbus A330 ұшағына берілді[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Фоторепортаж // Аэрофлот презентовал свой первый Airbus А330 Е. Светланов

• Светланов. Кеше. Бүгін. Әрқашан: Евгений Светлановтың 80-жылдығына арналған (альбом). • Байқаусыздағы Светланов. Нина Николаева — Светланова • Светланов Е. Ф. Музыка бүгін. — М., 1976, 1979, 1986.