Жабысқақ қандыағаш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жабысқақ қандыағаш
Жабысқақ қандыағаш
Жабысқақ қандыағаш
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fagales
Тұқымдасы: Betulaceae
Тегі: Alnus
Кіші тегі: Alnus
Түрі: A. glutinosa
Екі-есімді атауы
Alnus glutinosa
(Карл Линней) Gaertn.

Жабысқақ қандыағаш (Alnus glutіnosa) — қайыңдар тұқымдасы қандыағаш туысына жататын бір үйлі ағаш.

Қазақстанда Жайық, Елек, Тобыл өзендері бойында, Құсмұрын к-нің жағасында, Ерейментау, Қарқаралы, Баянаула таулы аймағында өседі. Биіктігі 20 — 30 м келетін қара қоңыр түсті қабықты ағаш. Жас бұтақтары жылтыр, қызыл қоңыр үсті, желімді түктері болады. Бүршіктері жұмыртқа тәрізді, дөңгелектенген жапырақтарының (ұзындығы 4 — 12 см, ені 3 — 7 см.) бет жағындағы жолақтары айқын көрініп тұрады. Сырғалары (аталық та, аналық та) 3 — 5-тен топтасады. Дара жынысты, тұқымынан және вегетативтік (атпа тамырлары арқылы) жолмен көбейеді. Бүрі сәуір — мамырда ашылады. Жемісі — бір тұқымды, қос қанатты, қызыл-қоңыр түсті, желмен таралатын жаңғақша. Жабысқақ қандыағаш — дәрілік өсімдік. Оның қабығында илік заттар (5 — 9%), бүршігінде алкалоид (14 — 16%), жапырағында салицил, спирт және түрлі органикалық қышқылдар болады. Жабысқақ қандыағаштан алынған тұнба медицинада тоқ ішек қабынғанда, құяңға, суық тигенде қолданылады. Оның қабығынан түрлі түсті бояу алынады. Жабысқақ қандыағаштың сүрегі жеңіл, қызыл түсті, одан үй жиhаздары, ыдыс жасалады, құрылыстарда пайдаланылады. Жабысқақ қандыағаш, өте сирек кездесетін реликті өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.[2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Participants of the FFI/IUCN SSC Central Asian regional tree Red Listing workshop, Bishkek, Kyrgyzstan (11–13 шілде 2006) Alnus glutinosa. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2014.2. International Union for Conservation of Nature (2007). Тексерілді, 8 қазан 2014.
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы