Жан-Франсуа де Лаперуз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жан-Франсуа де Лаперуз

Жан-Франсуа де Лаперуз(фр. Jean François de Galaup, comte de La Pérouse [немесе de Lapérouse]; 23.8.1741, Альби — 6.02.2014) — француз теңіз саяхатшысы.

1756 жылдан әскери флотта істеген. 1785—88 жылдары «Буссоль» және «Астролябия» желкенді кемелерімен Тынық мұхитты зерттеу экспедициясын басқарды. Гало Горн мүйісін айналып, Пасха аралы арқылы Гавай аралдарына барды. Одан Алясканың батысындағы Әулие Илья тауынан Солтүстік Американың батыс жағалауымен солтүстік ендіктің 60°-нан 36°30'-на дейін жетті, оңтүстік-батысқа бұрылып 20° солт. ендік бойымен Тынық мұхитты кесіп өтті. Содан Филиппин аралдары арқылы Шығыс Қытай, Жапон теңізімен жүзіп, Татар бұғазынан өтті. Экспедиция мүшесі Лессепсті зерттеу қорытындылары мен жүзген жерлер картасын беріп, оны Камчаткадан Петербург арқылы Парижге қайтарды. Кемелер Австралияға бағыт алып жолда Савайи аралын ашты. Сиднейден солтүстікке қарай шыққан экспедиция хабарсыз жоғалды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы,7 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Jean-François de La Pérouse