Зевксис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Зевксис - ежелгі грек суретшісі. Оның бізге «Елеңа», «Кентаврлар үйелмені», «Жыланды қылқындырып тұрған бүлдіршін Геракл»деген шығармалары ғана белгілі. Абай ғақлияларының Жиырма жетінші сөзінде Аристодимнің аузына: « - Гомерге бәйітшіліктігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына тұспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын» , - деген сөз салу арқылы өзінің көне грек өнерімен жақсы таныс екенін аңғартады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9