Зертханалық жануарлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Add caption here

Зертханалық жануарлар - биологияда, медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында ғылыми жұмыстарды жүргізу мақсатында пайдаланылатын жануарлар.


Зертханалық жануарларға жүргізілетін ғылыми тәжірибелер мақсаты мен міндеттеріне қарай таңдалып алынады. Зерттеу жұмысының тиімді де жақсы нәтиже беруі үшін таңдап алған түрдің тек биологиялық ерекшеліктері ғана емес, олардың мінез-құлықтары да ескеріліп, жануарлардың өніп-өсуіне және тіршілігіне қолайлы жағдай жасалуы керек. Зертханалық жануарлардың қатарына мамандардың ғылыми ізденістеріне қажетті жануарлардың барлық тобы (қарапайымдардан сүтқоректілерге дейін) жатады: тәжірибе, негізінен, омыртқалылардан – бақа, тышқан (бұлар зертханалық жануарлардың 70%-ын құрайды), егеуқұйрық, ит, мысық, қоян, маймыл, сонымен қатар тасбақалар мен құстарға да, ал омыртқасыздардандрозофила шыбыны, кене, құрттарға, т.б. жүргізіледі. Тәжірибелік мақсатта, негізінен, арнайы шығарылған инбредті (жақын туыс дарабастарды шағылыстырудан шығарылған) және таза тұқымды зертханалық жануарлар, сондай-ақ гнотобиоттар (микробсыз жануарлар) пайдаланылады. Зертханалық жануарларды виварияларда (тәжірибе жүргізілетін жануарларды арнайы ұстайтын орын) ұстайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]